«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Гүлгүл ТӨЛЕШЕВА – республикалық байқаудың жүлдегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы Қазақстан Журналистер одағымен бірлесе отырып, еліміздің БАҚ өкілдері арасында биыл бірінші рет “Қазақстандағы кәсіпкерлік – БАҚ назарында” деген тақырыпта байқау өткізіп, оны қорытындылады.

Шығармашылық сайыста жыл басынан бері жұртшылықтың назарына ұсынылған 70-тен аса жарияланым безбенделіп, олар сегіз аталым бойынша сарапталды. Онда қазақстандық кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы халыққа толыққанды және нақты ақпарат беріп, еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына елеулі үлес қосқан шығармалардың авторлары байқаудың жеңімпаздары болып танылды.

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев байқаудың жеңімпаздарын марапаттау кезінде олардың еңбектерінің маңыздылығы мен журналистік шеберліктеріне үлкен баға берсе, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бұл бастаманың келер жылдары да өз жалғасын табатынын атап айтты.

Аталмыш байқауға қатысқан газетіміздің тілшісі Гүлгүл Қуатқызының кәсіпкерлік тақырыбына жазған мақалалары жоғары бағаланып, ол “Мерзімді баспасөздегі үздік жарияланым” аталымы бойынша екінші жүлделі орынды иеленіп оралды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp