Жақында Польшаның Закопане қаласында конькиден жастар мен студенттердің бірінші әлем чемпионаты аяқталды.
Оған қатысқан жеті қазақстандық конькишінің төртеуі – жерлестеріміз.
Қыздардың командалық жарысында Татьяна Сокирко мен Елена Урванцева күміс алқаны еншілесе, Никита Ставцев ерлер арасындағы командалық тартыста “қолаға” қол жеткізді.
Т. Сокирко 1000 метрлік жеке жарыста қола алқа иеленді. Осындай алқаны 5000 метр қашықтықта сынға түскен Е.Урванцева да қоржынға салды.