«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГТЕРДІҢ бірінші облыстық форумы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Майра ДҮЙСЕНБАЕВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 1-курс студенті.

 

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет өңір психологтерінің облыстық форумы өтті. Ол “Қауіпсіз білім кеңістігін орнату және балаларға психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету үдерісі” тақырыбына арналды.

Форумға облыстың барлық аудандарынан 250-ден астам педагог-психолог жиналды. Шараның негізгі мақсаты облысымыздағы оқу орындарында оқушылар мен педагогтерге қауіпсіз білім кеңістігін қалыптастыру үшін жағымды ахуал туғызу болып табылады.

 

Жиында білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Гүлнәр Арықпаева облысымыздағы психологиялық қызметтің жұмысы жайлы құлағдар етті. Форумға қатысушы қонақтар назарына өңіріміздің психология және әлеуметтік педагогика салаларының өзекті мәселелері бойынша шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтер жұмыстары мен оқушылардың ғылыми жобаларынан арнайы көрме ұсынылды. Сонымен қатар олар “Кірпіш қабырға” акциясына қатысып, айналасындағыларға өздерінің арман-тілектері жазылған қолтаңбаларын қалдыру мүмкіндігіне де ие болды.

Петропавл қаласындағы №1 гимназияның педагог-психологі Ирина Якимова тренинг элементтері бар жедел сауалнама, жылдың үздік психологтері конкурсының жеңімпаздары Татьяна Демчур, Алтынай Жаманғарина, Елена Можарова психологиялық тренингтер өткізді. Оған форумға жиналғандар көтеріңкі көңіл күймен, зор қызығушылықпен қатысты. Шара барысында ұйымдастырушылар жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, облыстың үздік педагог психологтері мен әлеуметтік педагогтерін марапаттады.

Жиынның салтанатты бөлімінен кейін аудандар мен мектептерден келген психологтер кәсіби қызметтерінен шеберлік сыныптарын өткізді. Шара соңында жас мамандар: Петропавл қаласындағы №1 гимназияның және Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың психологтері Ольга Белова мен Раушан Қазбекованы қатарға қабылдау өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp