«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕЙІЛБЕК САЛҒЫЗҒАН «АРЛАН» – ауылдағы алғашқы жабық мұз айдыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Елбасымыздың 2010 жылғы Жолдауында 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндеті қойылғаны белгілі. Осы орайда Төменгі Бұрлық ауылында “Фирма Бабық-Бұрлық” ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сейілбек Махметовтың бастамасымен “Арлан” жабық мұз айдыны салынып, Қызылжар өңіріндегі бірегей спорт нысанының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

 

Аталмыш спорт нысанын салуға серіктестік тарапынан 5,5 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Жабық мұз айдынының таспасын кесу құрметі аудан әкімі Амантай Сейфуллинге, еңбек ардагері Мәриям Нұрмановаға және Сейілбек Махметовке берілді.

Салтанатты шараға жиналған көпшілікті аудан басшысы құттықтап, осынау игі іске ұйытқы болған халық қалаулысы Сейілбек Махметовке алғысын білдіре келе, жергілікті орта мектепке қысқы спорт киімдерін алуға 150 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Анатолий Мигаль еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы толағай жетістіктерін паш ете келе, округ тұрғындары мен қонақтарын айтулы оқиғамен құттықтады.

Ауыл болашағы – жас өрендерге жабық мұз айдынын сыйға тартқан Сейілбек Махметов мектеп басшысына мұз айдыны ғимаратының кілтін табыс етті. Содан соң жиналған қауым былтырғы жылғы Лондон қаласында өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына арналған “Чемпиондар әнінің” бейнеклипін экраннан тамашалады. Ол айыртаулық өнерпаздардың концертіне ұласты.

Салтанат соңында ауданның хоккей командалары арасында жолдастық кездесу өтті.

Суреттерді түсірген автор.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp