Әскер ӘБІЛҚАЙЫР.
Алты жаста
ән салып,
Би билеген Алтынай.
Жыр оқыса тамсанып,
Гу-гулеген Алтынай.
Сурет салып
сүйкімді,
Таңдандырған
Алтынай.
Өлең жазып әркімді,
Таңғалдырған
Алтынай.
Өнер деген өзіңе
Қонған екен, Алтынай.
Жұрт сенетін сөзіңе
Болған екен, Алтынай.
Жадыра да жайнай бер,
Жаз гүліндей,
Алтынай.
Асыр салып,
ойнай бер,
Мәз күйіңде,
Алтынай.