«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, “АЛТЫН БЕСІК”! Петропавлда қазақ тілінде тәрбие беретін екінші балабақша ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында екінші ұлттық балабақша – “Алтын бесіктің” ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға облыс әкімі Серік Біләлов қатысты.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тәрбие мен білім беру мәселелеріне баса назар аударады. Елбасының “Балапан” бағдарламасы аясында облысымызда бірталай балабақша бой көтерді, – деген Серік Біләлов биыл білім саласына 36 миллиард теңге бөлінгендігін жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Елбасының бастамасымен сәтті жүзеге асырылып жатқан “Балапан” мемлекеттік бағдарламасының арқасында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 62-ден 86 пайызға дейін өсті. 2015 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы барлық баланы мектепке дейінгі біліммен қамтуға облыстың әлеуеті жетеді, деді өңір басшысы.

Ашылу салтанатында ата-аналар атынан сөз сөйлеген Жанбота Шалабаев елімізде, өңірімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім беруге барлық жағдай жасалып жатқаны үшін Елбасыға және облыс әкіміне өз алғысын білдірді.

Сонымен облыс орталығындағы қазақ тілінде тәрбие беретін екінші балабақшаға қабылданған 320 бала 14 топқа бөлінген. Олардың қатарында 75 өзге ұлт өкілінің балалары да бар. Жаңа жылдан бастап жұмыс істейтін “Алтын бесіктің” ішін аралап көрген облыс әкімі бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, пианиноны сыйға тартты.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp