Аружан ДАНИЯРҚЫЗЫ,
5 жаста:
-
Мен Аяз Атадан ойыншықтарымның көп болғанын тілер едім. Әсіресе, әртүрлі қуыршақтарымның молынан болғанын қалаймын. Жаңа жылда әке-шешем маған көптеген тәттілердің түр-түрін әперсе екен деймін. Жаңа жылда әке-шешеме бақыт пен денсаулық тілеймін!
Нұрай БЕЙСЕНБАЕВА,
6 жаста:
-
Аяз Ата қыс мезгілінде ғана өз елінен біздің үйге келетіндіктен, мен Аяз Атадан шана мен коньки сұраймын. Себебі, оның қырау мен қар басқан елінде шаңғы, шана және конькилер көп болуы тиіс.
Аяжан ҚОЖАБЕКОВА, 5 жаста:
-
Аяз Ата қызыл шапанын киіп, шыршамызға келгенде мен одан әдемі сыйлық сұрар едім. Ол сыйлықтың таңғажайып ертегілердей болғанын қалаймын. Себебі, Аяз Ата ғажайып әлемінен келеді емес пе?!
Жанель ӘБІШЕВА,
5 жаста:
-
Жаңа жылда Аяз Ата келе қалса, барлық балалар мен ересектерге де қапшығындағы сыйлықтардан үлестіретінін білемін. Сондықтан мен Аяз Атадан әдемі қуыршақ пен қыран қанаты бар ат сұрар едім.