«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАЛАЛАРҒА БІРГЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Улыбка” балалар қайырымдылық қоры мен “Квартал” газеті бірлесе отырып, 4 пен 18 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер арасында шығармашылық конкурс жариялаған болатын. Жаңа жыл қарсаңында осы конкурстың қорытындысы шығарылып, оның жеңімпаздарына “Балаларға бірге көмектесейік!” атты қайырымдылық концерті барысында сый-сияпат таратылды. Концерттен түскен қаржы 5 жастағы бүлдіршін Марат Сыздықовтың бүйрегін ауыстыруға көмекке берілмекші. Сонымен қатар акцияға қатысушы өнерпаздар облыстық балалар ауруханасында Жаңа жылды қарсы алып жатқандарға да қайырымдылық концертін беріп, олардың көңілін көтеруді жоспарлап отыр.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің салған суреттері мен жасаған қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, шараға жиналғандардың назарына ұсынылды. Ал жас таланттар өздері шығарған жаңажылдық шумақтарын оқыды. Қайырымдылық концерті көпбалалы отбасылардың балалары мен мүгедек балғындардың демалуларына арналды.

 

“Улыбка” балалар қайырымдылық қорының президенті Галина Бондаренконың айтуынша, конкурсты ұйымдастырып, хабарландыруды жариялауға “Квартал” газетінің ұжымы көмектессе, “Activ”, “KСeel” компаниялары қатысушыларды сыйлықтармен қамтамасыз еткен. “Нептун” аквапаркінің басшылығы тарапынан жеңімпаз балаларға қыстың көзі қырауда жаздағыдай суға шомылып, ғажайып күй кешуіне мүмкіндік жасалса, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы қайырымдылық концертті өткізетін ғимарат ұсынған.

– Шығармашылық конкурсына қатысқандардың саны 200-ге таяды. Тіпті, аудандардан қатысқан балалар да бар. Конкурсқа қатысушылар негізінен жеке оқушылар. Алайда, Петропавл қаласындағы №23 мектептің шағын орталығының кішкентай бүлдіршіндері және көркемсурет лицейінің оқушылары тарапынан ұсынылған шығармашылық суреттер мен қолөнер бұйымдары көп болды. Олардың барлығын Аяз Ата мен Ақшақар бастаған қазылар алқасы сарапқа салып, жеңімпаздарды анықтады, – деді Галина Бондаренко.

Қайырымдылық концертті қоюға “Алуа” би тобы, театрландырылған “Пчелка” балалар студиясы, тағы басқа да жекелеген әртістер өздерінің ниеттерін білдірген.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp