«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАУДАҒЫ КӨРЕГЕНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Манфред ГРУНД,

 Бундестаг депутаты (Германия).

Қазақстан Еуропаның тиянақты әріптестерінің бірі болып табылады. Германия Орталық Азия елдерінің бірде-бірімен нақ Қазақстандай жақсы әріптестік қарым-қатынас орнатқан емес. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы ресми іссапары кезінде Берлинде өте маңызды құжаттарға: минералдық ресурстар, энергоресурстар және инновациялар бойынша шарттарға қол қойылды. Сондықтан да біз үшін Қазақстан 2050 жылға дейін өзінің экономикасын қандай жолмен арттыратыны, тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеретіні жөнінде нақты түсінік беретін жаңа құжат өте маңызды.

 

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы “Қазақстан – 2030” бағдарламасының жалғасы болып табылады. 1997 жылдың өзінде-ақ Президент Назарбаев “Қазақстан – 2030” Стратегиясын жариялап, бәсекеге қабілетті экономиканы, мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген әділетті қоғам құрудың асқақ міндеттерін елдің алдына қойды. Бүгінде солардың көбі жүзеге асырылды.

Президент жариялаған жаңа саяси бағытта Қазақстан Республикасына, Орталық Азияға ғана емес, сонымен бірге бүкіл жер-жаһанға қатысы бар жан-жақты бағдарлар қамтылған. Стратегияда демографиялық мәселелер де, сондай-ақ энергоресурстармен, қоршаған ортаны қорғаумен және қазіргі уақытта біз басымыздан өткеріп отырған саяси дағдарыспен байланысты мәселелер де атап көрсетілген.

Мен бұл маңызды құжат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзсіз әлемдік деңгейдегі Көшбасшы екендігін тағы бір мәрте айғақтады деген ойдамын. Президент Назарбаевтың әлемдік дағдарыс кезінде тұрақты дамудың өзіндік жолын қалай тапқанын көзімізбен көрдік. Сол кезде ол өз пайымдарын “Дағдарыс кілті” деген мақаласында баяндағанды. Жаңа Стратегия Елбасының әріден пайымдайтын тұлғасын, оның болашақты болжаудағы көрегендігін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp