«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ АЛЫП ГҮЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды. Гүлдің аты – Титан Арум. Титан Арум құрамында 170-ке жуық тропикалық гүлдер бар аройдтар тұқымдастығына жатады екен.

Базель қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2,27 метр болса, салмағы 100 килоны құрайды. Мамандар гүлдің жапырақтары 6 метрге дейін өсетіндігін айтып отыр.

Бақ қызметкерлері өсімдіктің гүлін көру үшін 17 жыл күткенге ұқсайды. Жаңалығымыз мұнымен бітпейді: Титан Арум – әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең сасық гүл де болып табылады. Гүлдің маңына жолай қалсаңыз, шіріген еттің иісі мұрныңызды жарып жіберуге шақ қалады. Бұған қарамастан, гүлді көрушілер қатары сирейтін емес, керісінше, күн өткен сайын артуда, өйткені өсімдік гүлі бірнеше күннен кейін ғайып болады. Аталған таңғажайып гүл 5-10 жылда бір рет ғана гүл ашады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp