«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖЫЛДА – ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық театрлар жаңа жылда көрермендерін жаңа қойылымдармен қуантпақ.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры келер жылы Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына арнап “Елім-ай” қойылымын жаңартуды көздеп отыр. Ерсайын Тілеубайдың ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы мен өмірбаяны негіз болған “Мағжан” пьесасы бойынша қойылым сахналауды жоспарға алған мұқановтықтар төл туындыны ақынның 120 жылдық мерейтойына тарту етпекші. Балалар да назардан тыс қалмақ емес. Кішкентай көрермендерін театр атауын құпияда қалдырған жаңа ертегімен тәнті етуді жоспарлап отыр.

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры шетелдік драматургтердің шығармаларына тоқталуды жөн көрген. Карло Гальдонидің “Трактирші әйел”, Анна Богачеваның “Шабадандық көңіл күйі”, Михаил Себастьянның “Атаусыз жұлдыз” және балаларға арналған Е.Шварцтың “Қарлы ханым” қойылымдарын көрсетуді жоспарлауда.

Ал Ресей елінің режиссерлері сахналайтын екі бірдей ертегіні облыстық қуыршақ театры өз көрермендеріне ұсынбақшы. Евгений Пермяковтың режиссерлік қылқаламынан туған “Белая дочь степей” және балалар әдебиетінің өкілі Борис Заходердің “Русачок” әңгімесінің желісі бойынша қойылым сахналауды олар бастап та кеткен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp