«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Рыстыгүл САЛЫҚОВА,

мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы.

Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ҚР Қаржы министрлігінің уәкілетті органы ретінде республикалық меншіктегі нысандарды жекешелендіру және сатып алу-сату келісімдері ережелерінің сақталуын бақылау бойынша тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Биыл облыстық департамент республикалық меншіктегі нысандарды сатуға арналған 15 аукцион өткізді. Жекешелендіру қорытындысы бойынша 40 нысан сатылды, оның 37-сі – автокөлік құралдары, 3-еуі – жылжымайтын нысандар. Мүліктерді сатудан республикалық бюджетке 11 млн. теңгеден астам қаржы түсті.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тапсырысы бойынша “Ақпараттық-есеп орталығы” АҚ-да “Мемлекеттік меншікті жекешелендіруді есепке алу” атты мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешен (әрі қарай – “ММЖЕ” МБК) әзірленді. Ол мемлекеттік меншіктегі нысандарды, атап айтқанда, мүліктік кешендерді, АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерін, ЖШС-ге қатысу үлестерін, жылжымайтын мүліктерді, көліктерді және басқаларды жекешелендіруге байланысты бизнес-үдерістерді автоматтандырумен айналысады.

“ММЖЕ” МБК мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімдер мәліметі базасымен интегралданған, сондықтан ол “Сатылу кестесіне” енгізілу үшін ұсынылатын нысандар жайында қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы – www. gosreestr.kz.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp