«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Баршамызға сүйікті әрі ізгі мереке – Жаңа жыл таяп қалды.

Ол әрқашан да жоспарларымыз бен асыл тілектеріміздің орындалуынан, жаңарудан және табысқа қол жеткізуден үміт күттіреді.

Жаңа жыл – күнтізбедегі күндердің алмасуы ғана емес, ол қорытынды жасалатын, өткенді ой елегінен өткізетін, болашаққа жоспарлар жасайтын кез.

 

Өтіп бара жатқан жыл баршамыз үшін мерекелі күндер мен айшықты оқиғаларға толы болды.

Өзінің Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өткен Қазақстан экономиканың жоғары даму серпінін және азаматтарының әл-ауқатының үздіксіз артуын танытып отырған бұрынғыдан да қуатты, мықты мемлекетке айналды. Еліміз әлемдік саясатқа елеулі үлесін қосып келеді. Қазақстанға “ЕХРО-2017” беделді халықаралық көрмесін өткізуге құқық берілуі осының жарқын айғағы болды. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз және орасан зор жетістігіміз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарайды, өзінің елін және Президентін мақтан тұтады. Биылғы жылы біз алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өттік. Бұл оқиға барша қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президентіне әрі Көшбасшысына жоғары сенімі мен құрметінің жарқын дәлелі болды.

Биылғы жылы біз мемлекеттіліктің және ел егемендігінің бұлжымайтын кепілі болып табылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын атап өттік. Олар Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтардың топтасуының және рухани бірлігінің берік негізі болып табылуда.

Осыдан 15 жыл бұрын еліміздің әлемдік деңгейдегі аса маңызды серпілісіне айналған Қазақстанның дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы қабылданды. Бүгінгі таңда бағдарлама барлық негізгі бағыттары бойынша ойдағыдай орындалды.

2012 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы бізге қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың Стратегиясын ұсынды. Ауқымды жаңа міндеттер бүкіл солтүстікқазақстандықтардың жұмысына және белсенділігіне қуатты серпін беруге тиіс.

Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған басты мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену. Осы асқақ та биік мақсатқа жетуге облысымыздың айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін.

Өңіріміз барлық салада көрсеткіштерін жылдан-жылға жақсартып келеді. Өнеркәсіп пен сауда дамуда, жаңа әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Біз облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі зор жұмысты жалғастырдық. Астықтан жақсы өнім алудың арқасында біз “Республиканың басты астықты өңірі” деген құрметті атағымызды тағы бір мәрте айғақтадық.

Мемлекет басшысының жаңа қолжетімді тұрғын үйлер салу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, индустриялық-инновациялық даму, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру жөніндегі алдымызға қойған міндеттері ойдағыдай орындалуда.

Қымбатты жерлестер!

Біздің бәрімізді өңірімізді бұрынғыдан да дәулетті, сәулетті және көрікті етуге деген ұмтылыс біріктіріп отыр. Біз қолға алып отырған істеріміздің бәрін балаларымыз үшін, олар берекелі, қауіпсіз және гүлдену үстіндегі, үлкендерді құрметтейтін, біздің көпұлтты халқымыздың дәстүрлерін сақтап отырған, жаңа мақсаттарға жетуге ұмтылатын елде өсуі және өмір сүруі үшін тындырып келеміз.

Жаңа 2013 жыл 2012 жылды жалғастырып, жарқын идеялар, ізгі өзгерістер мен тамаша оқиғалар белесі болғай! Әр шаңыраққа және әр отбасыға татулық пен ынтымақ, амандық-саулық пен қуаныш әкелсін, сәттілікке толы болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Серік БІЛӘЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp