(Бесінші шақырылымның он бірінші сессиясы)
Петропавл қ. 2012 жылғы 27 желтоқсан №11/1
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың IV шақырылымы қырқыншы сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 қаңтардағы №1791 тіркелген, 2012 жылғы 14 қаңтардағы №6-7 (21223-24) «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2012 жылғы 14 қаңтардағы №6 (23921) «Северный Казахстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
1) кірістер – 87 895 691,5 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 10 180 395,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 588 140,7 мың теңге;
трансферттер түсімі – 77 127 155,3 мың теңге;
2) шығындар – 89 085 696,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 008 038,8 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 2 768 507 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 760 468,2 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 716 900 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 717 500 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім – 600 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – – 3 914 943,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 914 943,7 мың теңге.»
7-тармақтағы:
39) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«39) 1 569 мың теңге – бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және босатылған адамдардың арасында АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыруға.»;
көрсетілген шешімге 1, 5-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
2. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ХІ сессиясының төрағасы
Р.ӘБДІРАХМАНОВА.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы
Қ.ЕДІРЕСОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт СҚО әділет департаментінде 28 желтоқсан 2012 жылы мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2040.