«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРІДЕН ТОЛҒАЙТЫН САЯСАТКЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алан КАСАЕВ,

 саяси сарапшы, профессор, Мәскеу мемлекеттік лингвистика университетінің кафедра меңгерушісі (Ресей).

Ресейліктер Нұрсұлтан Назарбаевты қазақстандық мемлекеттілікті құрған, елді ЕҚЫҰ- ның төрағасы еткен тұлға деп таниды. Ол – елдің іргесін қалаған, оның түбегейлі егемендігіне қол жеткізген және халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып берген әріден толғайтын саясаткер. Екіншіден, ресейліктердің пайымдауында, “ықпалдасу”, “еуразиялық” деген сөздер Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты сезіледі. Өйткені, біз ықпалдасу жөніндегі барлық бастамаларды кімнің көтергенін жақсы білеміз. Ол 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттеріне оқыған лекциясында Еуразия одағын құру қажеттігі жайында тамаша айтқан еді ғой.

 

Бір ғана мысалды алайықшы: Тәуелсіздіктің 21 жылы ішінде 14 мың шақырым шекараны белгілеудің өзі неге тұрады? Бұл шекараның әрбір метрі картада көрсетілгенге де, сондай-ақ нақты жер бедерінде барлық көршілерімен келісілгенге де сәйкес келеді деген сөз емес пе?! Шекараның бір метрі де дау тудырмайды. Бұл – өте маңызды. Әлем елдерінің бәрінде бірдей көршілерімен арада дау тудыратын мәселелер жоқ деуге болмайды. Бұл – тамаша жетістік. Біз Қазақстанды Ресей Федерациясымен шектестіретін 7 мың шақырым жерді бәрінен бұрын экономикалық ынтымақтастықты дамытудың аймағы деп білеміз. Өйткені, Президенттің Жолдауында көрші облыстардың арасындағы ынтымақтастық байланысты дамытуға басымдық беру жайлы тектентек айтылмаған ғой. Ресейдегі біздер Қазақстанның саясатын қадағалап отырамыз да, біздің көршіміз ең сенімді әріптесіміз екенін, ол өзі ойластырған жоспарларын жүзеге асыра отырып, уәдесінде тұратынын білеміз. Соған орай бұл бізді одан қалмауға, ықпалдасу үдерістерінде жемісті жұмыс істеуге жігерлендіреді.

“Қазақстан – 2050” Стратегиясында Қазақстанның алдында тұрған таяу арадағы мақсат кең ауқымды Еуразиялық экономикалық одақ құру екені нақты көрініс тапқан. Біз бұл ретте іс-жоспарларымызды келісіп, арадағы гуманитарлық үдерістерді, нақты Еуразиялық бірлескен экономиканы тұсайтын барлық төрешілдік кедергілер мен тосқауылдарды жою қажеттігін айтамыз.

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы ауқымды. Мен оның әр жолының астын сыза отырып, мұқият оқып шықтым. Бұл нақты, ең алдымен уақытпен үндестікке бағдарланған құжат. Онда 50 жылға дейінгі кезең қамтылған, сондай-ақ Президент 20, 25, 30 жылдың ішінде жүзеге асырылуға тиісті жұмыстарды тайға таңба басқандай атап көрсетеді.

Мен Нұрсұлтан Назарбаевты аса жоғары деңгейдегі, дүниежүзі таныған, өзінің болашақты болжай білетін көрегендігімен, кемел саяси, экономикалық шешімдерімен Қазақстанды әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосқан, ал алдағы уақытта осындай 30 елдің санатына енуді мақсат етіп отырған даңғайыр тұлға деп білемін. Менің ойымша, оның осы мақсаттары ойдағыдай жүзеге асырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp