«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ 5 КІЛТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья БЕЛЯЕВА,

облыстық санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы.

 

Астан уланудың негізгі үлесі үй тағамдарына қатысты. Дегенмен азық-түлік пен тамақты үйде сақтап, дайындау кейде улану мен ішек инфекциясының себебі болуы әбден мүмкін. Бұдан қалай сақтануға болады?

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азық-түлік қауіпсіздігінің 5 ережесін, яғни 5 кілтін ұсынып отыр. Бұл қағидаттарға жүгіну үй тамағынан улануды және әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтандырады. Біріншіден,

тазалықты сақтаңыз.

Ас үй үнемі таза болсын. Тамақ істегеннен кейін ыдыс-аяқты жуып, қоқыс қалдырмаңыз. Ал тамақ жасауға кіріспес бұрын қол жуу әдебі – әркім білетін қағида. Әрине, тағам дайындамас бұрын барлық азық-түлік пен көкөніс, жеміс-жидектердің де тазалығына аса мұқияттылықпен қараған абзал. Екіншіден,

шикі азық-түлікті дайын астан бөлек ұстаңыз.

Етте, құс тағамдарында, балықта, шикі көкөністе патогендік және шартты патогенді микроорганизмдер (сальмонеллез, стафилококк, протей) термоөңдеуден өткеннен соң ғана өледі. Егер піскен тамақтың қасында шикі азық-түлік болатын болса, жойылмаған әртүрлі микроорганизмдер асқа түсіп, онда көбейіп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Әдетте микроорганизмдер қаны бар азық-түлікте тез көбейеді. Сондықтан да пісірілген және шикі тағамдарды бөлек немесе қақпақтары жабық арнайы ыдыстарда сақтаған жөн. Және де азықты дайындаған уақытта арнайы тақтай мен пышақты пайдаланыңыз. Үшіншіден,

тағамды жақсылап қуырып, бұқтырыңыз.

Адам бойында дерт тудыратын сальмонелла, шегелл сынды микроорганизмдер температуралық өңдеуден кейін өледі. Оларды жою үшін алдымен азық-түлікті 70 градуста 10 минут қайнатыңыз. Және де ол температура азықтың түгелдей бөлігін қамту қажет. Сондықтан да бұқтырылып пісірілген ас қуырылған тағамнан әлдеқайда қауіпсіз екендігі дәлелденген. Ал қуырылған стейк котлеттен гөрі қауіпсіз екенін асты дайындау әдісінен-ақ байқауға болады.

Әсіресе тартылған ет, жұмыртқа, теңіз өнімдері, кесек ет пен тұтас әзірленген құс еті сынды азықты аса мұқияттылықпен әзірлеген жақсы.

Жұмыртқаны температуралық өңдеуге аса мән беріңіз. Біріншіден, қазіргі таңда шикі жұмыртқа жайында толықтай ұмытқан жөн. Себебі, аса қауіпті сальмонелла инфекциясы көп жағдайда шала пісірілген жұмыртқада болады. Қуырылған жұмыртқа да шешім емес. Жұмыртқа дайындаудың бұл әдісі 90 секундтың ішінде дайын болғандықтан, барлық сальмонелла осы уақыт ішінде түгелдей жойылмайды. Сондықтан да жұмыртқаны қайнатып пісіргеніңіз қауіпсіз. Төртіншіден,

азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз.

Микроорганизмдердің дамып, көбеюіне аса қолайлы температура -20 -40 градус. Ал қалыпты температурада қауіпті микроорганизмдер тез көбейеді. Олар тек 5 градустан төмен немесе 60 градустан жоғары жағдайда ғана жасушаларының бөлінуін тоқтады. Сондықтан да азық-түлікті қалыпты температурада 2 сағаттан аса ұзақ уақытқа сақтамай, буы басылғаннан кейін тоңазытқышқа беті жабық қақпақпен салған жөн. Бесіншіден,

бұзылмаған азық-түлікті таңдаңыз.

Өңделмеген азық-түлік және тазартылмаған су қауіпті бактериялар мен химиялық заттардан, ал бүлінген тағамдар уыттан тұруы мүмкін. Сондықтан да азықты таңдағанда балауса әрі шірімегендігін аса мұқияттылықпен байқап, көкөніс пен жеміс-жидектердің қабығына зақым түспегендігіне зер салыңыз. Егерде азық-түлік көгеріп кетсе, оны түгелдей лақтырып жіберіңіз.

Бұл 5 ережені сақтай отыра сіз өзіңізбен қоса отбасыңыз бен жақындарыңызды астан уланудан және шек инфекциясынан сақтайтыныңызды ұмытпаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp