«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалының араласуымен жас кәсіпкер Ақжан Кәрімге демеушілік көмек көрсетілді. 1-ші топтағы мүгедек, тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі Ақжан Нұрланұлы былтыр М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді тамамдаған болатын. Бүгінде ол компьютерлік қызмет көрсету кәсіпкерлігін қолға алып отыр.

“Даму – көмек” бағдарламасы туралы құлағдар болған кәсіпкер өз өтінішін айтып, “Даму” қорының өңірлік филиалына келген еді. Бағдарламаның шарты бойынша жас жігітке іскерлігін жандандыруға көмек беріліп, оның компьютеріне керекті құрал-жабдықтар әперілді. “Мен үшін бұл үлкен көмек болды. Сондықтан маған қолдау көрсеткен “ВТИ – Комплект” ЖШС-не айтар алғысым шексіз”, – дейді Ақжан Нұрланұлы. Ал “Даму” қоры өз кезегінде іскерлік байланысқа шығып, мүгедек жанның кәсіпкерлігіне қолдау көрсеткен компанияға алғыс хат табыс етті.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның

өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp