«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПА МЕНЕДЖМЕНТІН ЕНГІЗГЕНГЕ ДЕМЕУҚАРЖЫ ДАЙЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алина БЕЛОГОНОВА,

 облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің мемлекеттік инспекторы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №679 қаулысымен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйесін демеуқаржыландыру ережесі бекітілген. Ол халықаралық стандарттарды енгізу және олардың сәйкестігін сертификаттандыру бойынша агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының шығынын демеуқаржыландыру тәртібін айқындайды.

 

Біздің өңірде ИСО 9001, 14001, 22000 (ХАСПП), ОНSAS 18001 талаптарымен сәйкестікте менеджмент жүйесін сертификаттаған 115 кәсіпорын және ұйым бар, оның 24-і – агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары (20,8%): ет өнімдері, шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар және қалбырланған ет өнімдері – 6 кәсіпорын, құс шаруашылығы өндірісі, соның ішінде тауық жұмыртқасы өндірісі – 2, сүт, сүт өнімдері – 2, элеваторлар – 10, кондитерлік өнімдер өндірісі – 1, ұн және макарон өнімдері өндірісі – 3 кәсіпорын.

Демеуқаржылар Қазақстан Республикасының резиденттері (заңды тұлғалар үшін) немесе Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар үшін) болып табылатын бағдарлама қатысушыларына бір немесе бірнеше ИСО 9001, ИСО 22000 және (ХАСПП) халықаралық стандарттарын олардың сәйкестігіне сертификаттау енгізгені үшін төленеді. Республикалық бюджеттен төленетін қаржылар сомасы бағдарламаға қатысушының халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) және оны (оларды) сәйкестікке сертификаттауын енгізу жөніндегі барлық жоба құнына шыққан шығындарының 50 пайызынан аспайды.

Демеуқаржылар төлеу сәйкес жылда енгізілген халықаралық стандарттар үшін жүргізіледі. Бұл орайда стандарттарды енгізу мен сертификаттау сәйкес жылдың 30 қарашасына дейін аяқталуы тиіс. Бағдарлама қатысушысы демеуқаржы алуы үшін бағдарлама әкімгеріне (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) өтініш және қажетті құжаттарын тапсырады.

Құрамында төрағасы, мүшелері және хатшысы бар комиссия құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап, бес жұмыс күнінің ішінде бағдарламаға қатысушылардың өтініштерін олардың толықтығына және осы ереженің талаптарына сәйкестігіне қатысты қарайды. Комиссия отырысында тапсырылған құжаттарды қарау және өтініштерді бағалау хаттамасы жүргізіледі. Комиссия қабылдаған шешім бағдарламаның ықтимал қатысушыларының атауы, тұрғылықты жері, демеуқаржы көлемі, сол сияқты белгіленген талаптарға жауап бермейтін өтініштердің қанағаттандырылмауы себебі, бағдарламаға қатысушылардың атауы көрсетілген комиссия отырысының хаттамасында жазылуы тиіс.

Осы ереженің талаптарына толық сәйкес келетін бағдарламаның ықтимал қатысушылары комиссия шешімімен бағдарлама қатысушылары болып белгіленеді. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танылған бағдарламаның ықтимал қатысушыларына комиссия отырысының хаттамасы толтырылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде өтінішін қабылдамаудың себебі негізделген жауап беріледі.

Бюджеттік бағдарламаның әкімгері комиссия отырысының хаттамасы негізінде он бес жұмыс күнінің ішінде осы ереженің қосымшаларына сәйкес үлгі бойынша екі данада демеуқаржы төлеуге ведомость жасайды. Бағдарлама қатысушыларына демеуқаржы төлеу үшін бағдарлама әкімгері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық бөлімшесіне екі данада төлемнің тізім шотын және төлем шотын тапсырады.

Агроөнеркәсіп кешені басшыларының назарын мемлекеттің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесін енгізген кезде берілетін демеуқаржыларға аудару артық емес деп білеміз, өйткені кез келген кәсіпорын немесе ұйым қосымша қаржы алып, өзіндегі өндіріс тиімділігін жақсартуға мүдделі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp