«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ викторина жеңімпаздары марапатталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыс аясында Қазақстанның Ұлттық банкінің ұйымдастыруымен 2012 жыл бойы “Ұлан” және “Дружные ребята” газеттерінде қаржы тақырыбын қамтыған балалар қосымшалары жарық көрді. Жаңа жыл қарсаңында аталмыш газеттер қосымшаларында қаржы тақырыбына өткізілген викторинаның жеңімпаздары марапатталды.

Бақыт СӘБИЕВА,

 Ұлттық банк филиалының бөлім бастығы.

Балалар басылымдары беттеріндегі басты кейіпкерлер түрлі жағдайларға тап болып, негізгі экономикалық терминдермен танысты, ойнай отырып, отбасылық бюджетті үнемдеуді және жеке қаражаттарын жұмсауды үйренді. Қаржылық терминдерді түсініп, оның қауіпсіздік негіздерін үйренді және басқа да көптеген мәліметтерден хабардар болды.

Жыл бойы жарық көрген қосымшаларда жарияланған мақалалар мен викторинаның жеңімпаздары 26 желтоқсан күні анықталды. Айыртау ауданындағы Имантау ауылында тұратын жерлесіміз Ольга Григорьева “Дружные ребята” газетінің оқырмандары арасынан 2-ші жүлделі орынға ие болды.

Барлық викторина жеңімпаздарына Ұлттық банктің құнды сыйлықтары – нетбуктар, планшеттер мен электрондық оқулықтар табысталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp