«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің алдағы жаңа даму бағытын жаңаша тұрғыда белгілеп берген Елбасымыздың Жолдауын солтүстікқазақстандықтар да тарихи маңызды тарихи құжат ретінде қабылдап отыр. Мемлекет басшысы өз баяндамасында “Қазақстан – 2030” Стратегиясы табысты орындалғанын баяндай келіп, ендігі міндет бәсекеге қабілетті 30 елдің санатына қосылу екенін дәйектеп берді.

Жамал АХМЕТОВА,

облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы.

Жасыратыны жоқ, әлемдегі экономикалық тұрақсыздық адамзатты әлі де қатты алаңдатады. Әсіресе, қаржылық дағдарыстың жаңа толқынынан көңілдегі үрей басылар емес. Осындай сын сәтте “Қазақстан – 2050” Стратегиясының жариялануы, онда еліміздің ұзақмерзімді дамуы айқындалумен қатар жаһандық проблемалар мен сын-қатерлердің аталып, шешу жолдарының ұсынылуы өте құнды екені даусыз.

 

Демек, қазақстандық даму үлгісін осы қарқынмен одан әрі жалғастыратын болсақ, ұлтымыз дүниежүзілік тайталасқа қабілетті болады деген сөз. Оған ішкі мүмкіндіктер де, игерілмеген резервтер де мол екеніне Президент көзімізді тағы бір мәрте жеткізді. Мәселен, үдемелі инновациялық-индустрияландыру бағдарламасы аясында экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2015 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге ұлғайтылуы тиістілігі, бұл орайда, Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы атап көрсетілді. Бұған қауқарымыз толық жетеді. Оған еліміз бойынша жетекші инновациялық кластерлердің қолға алынуы дәлел бола алады.

Жолдауда әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік мәселелерінің арнайы қозғалып, жаңа қағидаларының тұжырымдалуы өте құптарлық. Мұның өзі қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экономика мен бюджеттің өсіміне де кең жол ашары сөзсіз. Кедейшілікті болдырмау, әлеуметтік қолдауды тек мұқтаж топтарға ғана көрсету, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ана мен баланы қорғау жайын мемлекет бұдан былай да басты назарда ұстайтын болады.

Жолдауда еліміздің даму болашағын айқындап берген басты стратегиялық басымдықтардың түпкі мақсаты халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталары айдан анық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp