«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАFЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ПІКІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сафуан ШАЙМЕРДЕНОВ.

Мағжанды оқымай тұрған кезде оны “Ұлы ақын” деушілер тым көп еді. Кейін Мағжан ақын шығармалары әркімнің-ақ қолына тиіп, кітапсүйер, әдебиетсүйер кауым үйлерінің төріндегі кітап сөрелерінен орын тепкеннен кейін көңілі кайтып қалғандар шыға бастады. Керек десең, “Әй, ол ақын емес қой!” – деген сөздерді де естіп калып жүргенім бар. Мұндайлар көбіне ақындар арасынан шығып жүр.

 

Бірінші топтағылар әу баста Мағжанды үзіп-жұлып оқығандар, сол себепті оны “тәңірі” санай­тындар. Енді оқи қалса, Мағжан тәңірі емес екен, кәдімгі ақын екен. Содан барып көңілдегі Мағжанмен – елу-алпыс жыл бойы ойда жүрген Мағжан бейне­сімен мына шын Мағжанның қабыспай жатқандығы себеп. Бұлар ұғымның құлы. Сол себепті ондайлардың жарасы да жеңіл. Ал екінші топтағыларды мен аяймын. Себебі, олар Мағжанға өресі жетпейтіндер.

Бұлар ауыл туралы ойласа, Мағжан аумақты қамтиды. Бұлар тулақты – толымды аймақ деп таныса, Мағжанға бүкіл қазақ жері аздық етеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаға сыймай жатқан түрік дүниясын қамтиды. Сол үшін зарланады. Соның келешегін ойлай қан жұтады. Бұл – Мағжан ақындығындағы ұлы құбылыс. Бұл құбылысты жай ғана жерде тұрып түсіну, барлау мүмкін емес. Бұл ұлы құбылыстың ол шеті мен бұл шетіне көз жеткізу үшін жер бетінен көтеріліп кету керек. Ал жер бетінен көтеріліп кету үшін бір-ақ қасиет керек. Ол қасиеттің аты – данышпандық.

“Көн құрысса, қалпына барады” дейді қазақ. Бүгінгі күннің біз талант деп танитын әлгі ақындары сол құрысқақ көннің қалыбынан шыға алмай жүрген бейбақтар болуы ғажап емес қой.

1 желтоқсан, 1993 жыл.

Р.S. Керім ой ақымақтардың да басына оралады. Әңгіме сол ойды саралап кағазға түсіре білуде ғой.

(”Ақиқат”, №10, 2012 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp