«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ “ҚЫЗУЫМЕН”…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында жаңажылдық демалыс күндері 35 қылмыс тіркелді. 4 тәулік ішінде “102” нөміріне 1500-ден астам хабар түскен. Олардың басым бөлігі алкогольдік ішімдік ішу салдарынан орын алған құқық бұзушылықтар болып отыр.

Жаңа жыл түні “Citroen” автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жол-көлік апатына түсті. Мас күйде рульге отырған ер адам облыс орталығындағы Интернационал-Тоқсан би көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпек болып, “Opel” автокөлігімен соқтығысқан. “Opel”-дің жүргізушісі де жолға арақ ішіп шыққан. Оқиға салдарынан екеуі де ауруханаға түсті.

Сол түні Жуков көшесінде тұратын 42 жастағы әйел адам аяғын жарақаттап, хирургия бөлімшесіне жеткізілген. Ол өзімен бірге тұратын ер адаммен жанжалдасу салдарынан осындай халге душар болыпты.

Бесінші Сенная база көшесіндегі үйлердің бірінде кісі өлтіру фактісі тіркелді. 28 жастағы келіншек сүйіктісімен ұрсысып қалып, оған пышақ салған. Ауыр дене жарақаты салдарынан ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір әйел Петропавл қаласы ІІБ уақытша оқшаулағышында отыр.

Аудандарда да бірқатар оқиғалар тіркелді.

Жамбыл ауданының Островка ауылында тұратын 30 жастағы ер адам Жаңа жыл түні ауылдасының жылқысын қолды еткен. 300 мың теңгеге бағаланған жануар бірнеше сағаттан соң күдіктінің қорасынан табылды. Бұған қатысты қылмыстық іс әкімшілік айыппұлмен тамамдалады.

СҚО ІІД-нің баспасөз

қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp