“Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 және “Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы” 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 жарлықтарына сәйкес 2013 жылдың қаңтар-ақпан айында облыста әкімдердің халық алдындағы есеп берулері өтеді. Іс-шаралар өткізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыруға, қоғамды одан әрі топтастыруға, халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыру мақсатында жергілікті билік органдарының қызметі туралы жан-жақты ақпаратты азаматтарға жеткізуге бағытталған.
Солтүстік Қазақстан облысының аудандары мен
Петропавл қаласы әкімдерінің есепті кездесул ерінің кестесі
Ауылдық округтер мен қалалық әкімдердің есеп берулерінің кестесі жергілікті баспасөз құралдарында жарияланған. Аудандар мен Петропавл қаласы әкімдері есеп берулерін баспасөзде жариялау облыс халқын есепті кезеңде және алдағы жылы өткізілетін жұмыстар туралы барынша кең ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Облыстың әрбір елді мекенінде тиісті әкімдердің жұмысы туралы да, елді мекендердегі қордаланған проблемалар туралы да ұсыныстар, ескертулер мен пікірлер жинау қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен арнайы жерлерде ақпарат жинауға арналған жәшіктер орнатылды, ол ақпараттар есеп беру кезінде жарияланатын болады. Жәшіктердің орналасқан орны туралы ақпарат жергілікті басылымдарда жарияланды.
Облыс әкімі аппаратының басшысы А.БЕГМАНОВ.