«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛТЫН САПАҒА” АТСАЛЫСҚАНДАР Алғыс хатпен марапатталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

  Кеше облыс әкімі Серік Біләлов Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығын иелену үшін Қызылжар өңірінен конкурсқа қатысқан кәсіпорындардың жетекшілерін қабылдап, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің Алғыс хаттарын табыс етті.


 

 Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

– Мемлекет басшысы ел Президентінің “Алтын сапа” сыйлығын 2006 жылы тағайындаған болатын. Содан бері бұл сыйлық сапа мен сенімділіктің көрсеткішіне айналды. Бұл конкурсқа қатысу кәсіпорындар үшін абырой ғана емес, экономикалық жағынан тиімді де. Марапат компанияны нарыққа танымал етеді, оның дамуы мен іскерлік ынтымақтастығына жол ашады, – дей келіп, өңір басшысы Серік Біләлов беделді байқауға облыстан 10 кәсіпорын атсалысқандығын, олардың ішінен “Киров атындағы зауыт” АҚ, “Мамлют ұн үгу комбинаты” ЖШС мен “Ахмұтдинов” ЖК күміс жүлдеге ие болғандығын атап айтты.

Серік Біләлов “Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын” аталымы бойынша “ПАМЖЗ”, “Мұнаймаш”, “Киров атындағы зауыт” АҚ-лары мен “СУ-808” ЖШС-іне, “Тұрғындарға арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын” аталымы бойынша “Тортуманов және К”, “Казмясопродукт”, “Алекри фирмасы”, “Ростан” ЖШС-леріне, “Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын” аталымы бойынша “Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі” КМҚК мен “Барыс” арнайы агенттігі” ЖШС-іне ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің Алғыс хатын табыс етіп, республикалық конкурсқа қатысқандарға алғыс айтты.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp