«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОЖДЕСТВО АЙШЫКТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жексенбі күні облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Рождестволық қиял” тақырыбында көрме өтті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл көрме балалар суреттерінің III епархиялық байқауының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуі митрополия округінің Петропавл және Булаев епархиясы, облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен облыстық бейнелеу өнері мұражайы мұрындық болды.

Христос Рождествосы мейрамының қарсаңында өткізілген байқауға Петропавл қаласының, Мамлют және Айыртау аудандарының білім беру мекемелерінен және Ресейдің Свердлов облысынан – барлығы 134 бала қатысты. Көрмеге 70-тен астам байқау жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды. Суреттер әртүрлі техникада орындалған. Балалардың қиялдарында шек жоқ. Олар көрерменге өз ойларын жеткізу үшін гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаштар мен тағы басқа түрлі құралдарды пайдаланған. Кенеп бетіне салынған суреттерден басқа байқауға қатысушылар сәндік-қолданбалы өнер туындыларын да ұсынған. Ол жұмыстарын орындауда моншақ, қатырма қағаз, қол асты және табиғи материалдарды қолданған. Тіпті, үйдегі керексіз жатқан мақта менен газеттің ескі қиындылары да іске жараған. Балалар бір қарағанда игерілуі қиындау – витраж, аппликация, мүсіндеу, кесте, квилинг және тағы басқа орындау техникасынан тартынбаған.

4-16 жас аралығындағы балалар қатысқан байқауда бірнеше жеңімпаздар болды. №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің тәрбиеленушісі Динара Салықованың асығы алшысынан түсіп, Гран при иегері атанды.

Суреттерді түсірген

Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp