«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.01.2013

2013 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы (Бесінші шақырылымның X сессиясы)

Петропавл қаласы 2012 жылғы 21 желтоқсан №10/3 “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан …

2013 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы (Бесінші шақырылымның X сессиясы) Read More »

“ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘКІМДІК” ҚҰРУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР ЖОЙЫЛАДЫ

Облыстық әкімдікте облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Болат Базарбаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Кеңесте облыстың мемлекеттік органдарын ақпараттандыру бойынша 2012 жыл ішінде берілген тапсырмаларды орындау, сонымен қатар облыстық басқармалар функцияларын автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәселелер қаралды.

АЛДЫМЕН — ӨЗ ТІЛІҢ, СОСЫН — ӨЗГЕ ТІЛДЕР

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жақында “Нұр Отан” ХДП-ның Шал ақын ауданындағы филиалы “Тіл – халықтың жаны” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өткізді. Аталмыш шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттап, оны дамытудағы “Нұр Отан” ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру, Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясындағы тапсырмаларды орындау барысын талқылау. “Дөңгелек үстел” барысында хабарлама жасаған партияның аудандық филиалы төрағасының …

АЛДЫМЕН — ӨЗ ТІЛІҢ, СОСЫН — ӨЗГЕ ТІЛДЕР Read More »

“КЕДЕЙЛЕРСІЗ АУМАҚ” ҚҰРУҒА ҰМТЫЛЫС кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. Статистика деректері бойынша облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 354,9 мың адамды, соның ішінде 18,2 мың адам немесе 5,1%-ы жұмыссыз азаматтарды құрайды. Жыл басынан бері жұмыссыз азаматтардың саны 1,7 мың адамды немесе 8,8%-ды құрады. Облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету аумақтарды дамыту бағдарламасының және …

“КЕДЕЙЛЕРСІЗ АУМАҚ” ҚҰРУҒА ҰМТЫЛЫС кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді Read More »

ӘЛСІЗ ЖАНҒА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНДАР

Соңғы айларда облыс орталығында әйелдерге қатысты жасалған қарақшылық шабуыл фактілері жиілеп кетті. Полицейлер жуырда осындай қылмысқа барған тағы бір топты құрықтады. Тонаушылар Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде әйел адамның сөмкесін тартып алып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары Қуандық Қанафиннің, Қайрат Хайыржанов пен Азат Басановтың қырағылығы арқасында күдіктілер тез арада қолға түсті. Олардың бірін жәбірленуші бірден таныды. …

ӘЛСІЗ ЖАНҒА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНДАР Read More »

БІР ТҮНДЕ ЕКІ ӘЙЕЛДІ ТОНАҒАНДАР бұрын да осындай қылмыс жасаған болып шықты

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығында бір түннің ішінде екі әйелді тонаған күдіктілер қолға түсті. Таңғы сағат бес шамасында СҚО ІІД-нің жедел басқару орталығына облыс орталығындағы Кошуков көшесі бойында бір әйелге бас салған екі ер адам туралы ақпарат жеткен. Әйел вокзалдан үйге қайтып келе жатқан кезінде артынан екі жігіттің келіп, бас салғанын айтқан. Аузын жауып, …

БІР ТҮНДЕ ЕКІ ӘЙЕЛДІ ТОНАҒАНДАР бұрын да осындай қылмыс жасаған болып шықты Read More »

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА ОН ЕКІ КОМАНДА ОЙНАМАҚ

Қазақстан Республикасының биылғы маусымдағы чемпионатында премьерлигада былтырғыдай он төрт емес, он екі команда ойнайтын болды. Қызылорданың “Қайсары” осы жоғары топтан шығатын болды. Ал бірінші топтан осы премьер-лигаға өткен “Іле-Сәулет” (Алматы облысы, Өтеген батыр ауылынан) клубы қаржы тапшылығынан бұл топта ойнаудан бас тартты. Чемпионатта “Шахтер” (Қарағанды), “Ертіс” (Павлодар), “Ақтөбе” (Ақтөбе), “Тараз” (Тараз), “Астана” (Астана), “Тобыл” (Қостанай), …

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА ОН ЕКІ КОМАНДА ОЙНАМАҚ Read More »

БАБЕНКО НОРВЕГИЯДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Жерлесіміз, Қазақстан Республикасының беткеұстар конькишілерінің бірі Дмитрий Бабенко келесі айдың орта тұсында Норвегияда көпсайыс бойынша өтетін жарысқа қатысуға даярлануда. Хамар қаласында әлемнің ең үздік конькишілері кубокты сарапқа салады. Жерлесіміз бұл жолдаманы жеңіп алу үшін Қытайдың Чанчун қаласында Азия елдерінің іріктеу жарысына қатысты. Ол көпсайыстың 500, 1500, 5000 және 10000 метрлік қашықтықтарында екінші орын алды. Д.Бабенко …

БАБЕНКО НОРВЕГИЯДА БАҚ СЫНАЙДЫ Read More »

АПАТТАН 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Тайынша ауданында ірі жол-көлік апаты орын алды. Чкалов ауылынан 11 шақырым жерде “Көкшетау – Омбы” тас жолының 96 шақырымында қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Ауди” мен “Мазда” автокөліктері соқтығысты. Жол апаты нәтижесінде екі жүргізуші мен жолаушылары ауруханаға түсті. “Ауди” көлігін басқарған 30 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен оның ата-анасы …

АПАТТАН 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Read More »

САРБАЗДАР мен КУРСАНТТАР ДАСТАРҚАНЫН “ЖҮДЕТКЕН” сұғанақ қолдар бар сыңайлы

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Петропавл гарнизонының әскери прокуроры Нұрлан Алпысов 2012 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. 12 айда 53 тексеріс жүргізіліп, 868 заң бұзушылықтың орын алғаны белгілі болған. Прокурорлық әрекет ету актілерін қарастыру нәтижесінде 30 тұлғаның конституциялық құқығы қорғалып, 18 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды. Сыбайлас жемқорлық әскери бөлімдер мен мекемелерді де …

САРБАЗДАР мен КУРСАНТТАР ДАСТАРҚАНЫН “ЖҮДЕТКЕН” сұғанақ қолдар бар сыңайлы Read More »

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ішкі әскер Әскери институтында жылдың үздік споршыларын құрметтеу кеші өтті.  баспасөз хатшысы. Руслан ЖАНГУЛИН,  Әскери институттың баспасөз хатшысы. Былтырғы жылы әскери оқу орнының спортшылары облыс көлеміндегі жарыстармен қатар, республикалық және халықаралық аренаға шығып, жоғары жетістіктерге қол жеткізе білді. Әскери институттың тарихында өткен жылдың жарқын жетістігі деп дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасының оқытушысы, лейтенант Айбек …

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Read More »

ЕСЕПТЕГІШ ТИІМДІ ЕКЕНІН жұрттың бәрі де түсінгендей

Экономикамыздың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, тиісінше азаматтарымыздың өмір сапасын жақсарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік тарифтік реттеу жүйесінен инфрақұрылымдық салалардың дамуына, реттелетін секторлардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, энергия сақтау және ресурс сақтау мәселелерін шешу, сондай-ақ мемлекеттік басқару салаларында тұтынушылардың және қызмет берушілердің арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету талап етіледі.

ҰРЫДАН ҰЯТ КЕТСЕ, құдық қақпақтан айрылады

Қала көшелеріндегі құдық қақпақтарының ұрлануы тыйылар емес. Ұрыдан ұят кетсе, құдық қақпағынан айрылады. Қазақтың мақалын бүгінде осылай түрлендіруге тура келіп тұр. Жоғалған қақпақ табылар, алайда қыршынынан қиылған адам өмірі қалпына келтірілмейтіні өкінішті. Еліміздің әртүрлі өңірлерінде оңы мен солын танып үлгермеген бүлдіршіндердің соңғы уақытта бірінен кейін бірі ашық жатқан кәріздік құдықтарға түсіп, қайтыс болуы қабырғаны қайыстырады. …

ҰРЫДАН ҰЯТ КЕТСЕ, құдық қақпақтан айрылады Read More »

“АДАМ ДЕГЕН – БҰЛ ЖАЛҒАННЫҢ ҚОНАҒЫ”

Астана, туған елдің ажарысың Астана, жаңа өмірдің айбынысың, Ел үшін айқын үлгі барлық ісің. Салғандай алтын ұя “Бәйтерекке”, Самұрық боп құтты қанат жайды құсың.  

ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ЖАЙБАСАРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Бұл жайында Елбасымыз ерекше ескертті

  “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” – Шәкәрімнің осы сөзі ойға орала береді. Елбасы Жолдаулары жыл сайын жария етіледі десек те, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” деп аталған жаңа Жолдаудың жөні бөлек, жосығы ерек. Оны жүзеге асыру үшін бүкіл елдің жұмылуы, баршаның алға ұмтылуы керек. 23 қаңтарда Ақордада Елбасы Нұрсұлтан …

ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ЖАЙБАСАРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Бұл жайында Елбасымыз ерекше ескертті Read More »