«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КЕДЕЙЛЕРСІЗ АУМАҚ” ҚҰРУҒА ҰМТЫЛЫС кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ,

облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының бастығы.

Статистика деректері бойынша облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 354,9 мың адамды, соның ішінде 18,2 мың адам немесе 5,1%-ы жұмыссыз азаматтарды құрайды. Жыл басынан бері жұмыссыз азаматтардың саны 1,7 мың адамды немесе 8,8%-ды құрады.

Облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету аумақтарды дамыту бағдарламасының және “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы іс-шараларының аясында жүзеге асырылады.

 

2012 жылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту органдарына 14 мыңнан астам адам өтініш жасады. 3306 жұмыс беруші 14083 бос орынға өтінім берді. Бос жұмыс орындарына жасалған сапалы талдау білікті еңбектің бос орындарының басым көпшілігі – жұмысшы мамандықтары (слесарь-сантехник, электрик, тракторшы, ағаш шебері, токарь, газоэлектрдәнекерлеуші) екендігін көрсетті.

Тіркелген еңбек нарығында дәрігер, мұғалім мамандықтары бойынша сұраныс ұсыныстан артық болып отыр. Бұл ретте экономист, заңгер, қаржыгер мамандықтары бойынша ұсыныс сұраныстан артық.

Өткен жылы аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 11,8 мың адам тұрақты жұмыс орындарына ие болды, 5,0 мыңға жуық адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 687 адам қайта оқуға жіберілді, халықтың нысаналы топтарындағы 532 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

2013 жылғы 21 қаңтарға дейін 1326 адам жұмыссыз ретінде тіркелді немесе 2011 жылғы 1 қаңтарға 0,5%-дың орнына экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрайды.

Облыста “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын кең ауқымды іске асыру жалғасуда. Жыл басынан 4205 адам бағдарламаның қатысушысы болды.

Бірінші бағыт аясында өткен жылы 496 адам кәсіби оқуға жіберілді. Бағдарламаның іс-шаралары шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру жұмысы тұрақты жүргізілуде. 2012 жылы оқуды аяқтаған 441 адамның 424-і жұмысқа орналастырылды. 1283 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды және 1271 адам жастар практикасына жіберілді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтарға кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсетілуде. 268 қарызгерге 600 млн. теңге сомасында жеңілдік кредит берілді. 400 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Кредит алушылар 221 жұмыс орнын құрды.

Үшінші бағыт аясында 290 пәтерлі 278 үй пайдалануға берілді, 220 отбасы қоныстанды. 175 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қоныстанған отбасыларға көшуге субсидия төленеді. Қарқынды дамып келе жатқан елді мекендерге жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарынан еңбек жасындағы адамдарды қоныстандыру оларды жұмыспен қамтуға, тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерде инфрақұрылым жобаларын іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту қамтамасыз етілді. 2012 жылы 29 жоба іске асырылды. Құрылған жұмыс орындарына 481 адам, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 224 адам жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жұмыс іздеудің бір тәсілі болып табылады. Және оның дәстүрлі әдістерге қарағанда айтарлықтай артықшылығы бар:

– жұмыссыз адам жұмыс берушімен немесе кадрлар бойынша менеджерімен жеке таныса алады;

– өзі туралы айтып немесе түйіндемесін жеке тапсыра алады.

Жұмыс іздеу өте қиын процесс болып табылады, сұраныс (бос орын) пен ұсыныс (жұмыссыздың мүмкіндігі) сәйкес келуі тиіс.

2012 жылы облысымызда 71 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Аудандарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тоқсан сайын, ал облыс орталығында ай сайын өткізіліп тұрады. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 912 жұмыс беруші және 5391 жұмыс іздеуші қатысты. Жәрмеңке өткізу барысында 1410 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды, 352 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 236 адам кәсіптік қайта даярлауға, 170 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жіберілді. Бұдан өзге, 4226 адам жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультация алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасына және оны іске асыру қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысын жүргізуде.

Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша үстіміздегі жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатындар есебінен әлеуетті қатысушылардың шеңберін кеңейту көзделіп отыр.

Сондай-ақ бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жұмыс берушілердің қатысуын кеңейту қарастырылған.

Бірінші бағыт бойынша жұмыс берушілердің оқу орындарын және бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту үшін іріктеу көзделіп отыр.

Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлердің өздерінің, кредиттік серіктестіктердің және азаматтардың тікелей қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленеді.

Үшінші бағыт аясында бағдарламаға қатысушылардың тұрғылықты жерінде оларды іріктеуге және тұрғын үймен (тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыру) қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің қатысуы қарастырылған.

Төртінші бағыт бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен жобалардың тізбесін жасау және жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып, оларды іске асыру болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы енгізілген өзгерістерге сәйкес бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары бойынша қанатқақты жобаны іске асыруға қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысында “Кедейлерсіз аумақ” құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмысы жүргізілуде, оның негізі міндеттері халықтың табысын арттыру, еңбекақы мөлшерін көтеру және халық арасында масылдықты жою болып табылады.

Аз қамтамасыз етілген азаматтардың еңбек жасындағы бөлігін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және олардың табыс деңгейін арттыруға бағыттай отырып, қабылданып жатқан шаралар атаулы кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау серпіні 2012 жылы әлеуметтік көмектің осы түрін алушылардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 5055 адамға азайғанын көрсетті.

2012 жылы 6,7 мың бала 176,8 млн. теңгенің 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақысымен, үйде тәрбиеленетін және оқитын 421 мүгедек бала 14,0 млн. теңгенің әлеуметтік көмегімен қамтылды.

2012 жылы 3923 отбасына 145,8 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі тағайындалды, соның ішінде күрделі жөндеуге өтемақы мөлшері 35,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылы мұқтаж мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттердің барлық түрлерінен 298,0 млн. теңге қаржы бөлінді, 2011 жылмен салыстырғанда оның көлемі 47,5 млн. теңгеге ұлғайды (250,5 млн.теңге).

2012 жылы мүгедектерге 250 мүгедектік кресло-арба; 1095 дана сурдо-тифлотехника, соның ішінде 220 цифрлік есту аппараты сатып алынды. 582 мүгедек санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді, 789 адамға, оның ішінде 45%-ына жаңа технологиялар бойынша протездік ортопедиялық көмек көрсетілді.

Аудандар және Петропавл қаласының бюджет шығыстарының жалпы сомасы 144,3 млн. теңгені құрайды, бұл 528 адамды санаторий- курорттық емделуімен; 1751 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен; 241 мүгедекті жеке көмекшінің қызметімен және есту бойынша 152 мүгедекті сурдоаудармашының қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012-2013 жылдар) іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес облыста объектілердің мүгедектер үшін қолжетімді болуына паспорттандыру (тексеру) жүргізу ұйымдастырылған.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтері бойынша 3029 әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің 873-іне кестеге сәйкес паспорттандыру жүргізу жоспарланып отыр.

Объектілерді қайта жаңартуға қажетті шығыстардың жалпы сомасы 1359,4 млн. теңгені құрайды (орташа бір объектіге 1,5 млн. теңге қаржы қажет).

Паспорттандырудың мақсаты елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мүгедектер үшін қолжетімді болу деңгейін бағалау болып табылады.

Бүгінгі күні паспорттандырылған объектілердің мүгедектер үшін 35 объект қолжетімді немесе 4%-ды құрайды, 516-сы – жартылай қолжетімді немесе 59%, 322 объект қолжетімді емес немесе 37%-ды құрайды.

2012 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелерге 232 адам жіберілді.

Мүгедектерді сауықтыру орталығында оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 468 мүгедек оңалту курсынан өтті.

31 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 3,0 мыңнан астам адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудың баламалы түрлерін дамыту үшін 2012 жылы балалар психоневрологиялық интернат-үйі жанындағы күндізгі бөлімшесі 30 орынға дейін кеңейтілді, ал Петропавл психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйінде 10 орындық күндізгі бөлімшесі ашылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp