«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПАТТАН 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Тайынша ауданында ірі жол-көлік апаты орын алды. Чкалов ауылынан 11 шақырым жерде “Көкшетау – Омбы” тас жолының 96 шақырымында қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Ауди” мен “Мазда” автокөліктері соқтығысты.

Жол апаты нәтижесінде екі жүргізуші мен жолаушылары ауруханаға түсті. “Ауди” көлігін басқарған 30 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен оның ата-анасы түрлі дене жарақаттарымен Көкшетау қаласының ауруханасына жеткізілді. “Мазда” жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы Тайынша аудандық ауруханасына орналастырылды.

Аудандық тәртіп сақшылары апат себептерін анықтау үстінде.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, алдағы күндерде қатты жел тұрып, сынап бағанасы күрт төмендейді. Осыған орай жол сақшылары қызметтерін күшейтілген түрде атқарады. Облыстық және республикалық маңыздағы жолдарда жол полициясы патрульдері жұмыс істейтін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp