Қазақстан Республикасының биылғы маусымдағы чемпионатында премьерлигада былтырғыдай он төрт емес, он екі команда ойнайтын болды.
Қызылорданың “Қайсары” осы жоғары топтан шығатын болды. Ал бірінші топтан осы премьер-лигаға өткен “Іле-Сәулет” (Алматы облысы, Өтеген батыр ауылынан) клубы қаржы тапшылығынан бұл топта ойнаудан бас тартты.
Чемпионатта “Шахтер” (Қарағанды), “Ертіс” (Павлодар), “Ақтөбе” (Ақтөбе), “Тараз” (Тараз), “Астана” (Астана), “Тобыл” (Қостанай), “Ордабасы” (Шымкент), “Ақжайық” (Орал), “Қайрат” (Алматы), “Атырау” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Восток” (Өскемен) ел чемпиондығы жолында сынға түседі.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.