Соңғы айларда облыс орталығында әйелдерге қатысты жасалған қарақшылық шабуыл фактілері жиілеп кетті. Полицейлер жуырда осындай қылмысқа барған тағы бір топты құрықтады.
Тонаушылар Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде әйел адамның сөмкесін тартып алып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары Қуандық Қанафиннің, Қайрат Хайыржанов пен Азат Басановтың қырағылығы арқасында күдіктілер тез арада қолға түсті. Олардың бірін жәбірленуші бірден таныды.
Күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалды.
СҚО ІІД-нің баспасөз
орталығы.