«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы (Бесінші шақырылымның X сессиясы)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы 2012 жылғы 21 желтоқсан №10/3

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI:

1. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінің жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Х сессиясының төрағасы С.АХМЕТБЕКОВ.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы

Қ.ЕДІРЕСОВ.

Осы нормативтік-құқықтық акт 2013 жылғы 21 қаңтарда СҚО әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

Тіркеу №2091.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp