«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘКІМДІК” ҚҰРУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР ЖОЙЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Болат Базарбаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Кеңесте облыстың мемлекеттік органдарын ақпараттандыру бойынша 2012 жыл ішінде берілген тапсырмаларды орындау, сонымен қатар облыстық басқармалар функцияларын автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәселелер қаралды.

 

Отырыс барысында көптеген салалық басқармалардың ақпараттандыру деңгейі төмен екендігі аталып өтті. Жергілікті атқарушы органдар ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді нашар қолданады, мемлекеттік органдар қызметінде жұмысты автоматтандыруды қамтамасыз етуге тартылған ақпараттық жүйелер бірқатар басқармаларда енгізілмеген. Басқа облыстық басқармалармен салыстырғанда, сәулет және қала құрылысы басқармасында осы күнге дейін жергілікті желі орнатылмаған.

Мұрағаттар және құжаттамалар, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының Интернетресурстарының жаңартылуы төмен деңгейде.

Осы уақытқа дейін экономика және бюджеттік жоспарлау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мұрағаттар және құжаттамалар басқармаларында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогтары жасалмаған.

Құрылыс, жер қатынастары, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары мемлекеттік органдар функцияларын автоматтандырушы ақпараттық жүйелерді енгізу жұмысын аяқтамаған.

Кеңесте кемшіліктерді жою, сонымен қатар функцияларды автоматтандыру бойынша іс-шараларды аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді. “Электрондық әкімдіктің” ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың келесі кезеңдеріне өту – енгізілген ақпараттық жүйелерді дамыту және оларды өзара ықпалдастыру жөнінде шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің аппараты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp