«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ 250 адамды тоғыстырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

Облыс орталығында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Жыл басындағы 23 қаңтар күнгі алғашқы шараға 16 кәсіпорын қатысты.

Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мереке Мұхамедияровтың айтуына қарағанда, жәрмеңкеге қатысқан кәсіпорындар 511 бос жұмыс орнын ұсынды. Олар – газбен және электрмен дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, мұғалім, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі, медицина қызметкерлері сияқты мамандықтар. Аталмыш шараға жұмыс іздеген 250-ден астам адам келді. Бөлім мамандары оларға жұмысқа орналасу жайында 211 консультация берді, жұмыс берушілер 125 азаматты әңгімелесу үшін өз кәсіпорындарына шақырды, 9 жұмыссыз адам уақытша қоғамдық жұмысқа жіберілді, 74 адам жұмысқа орналасты, 6 петропавлдық біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау курстарына жолданды.

 

Еңбекке орналасқысы келетін азаматтар облыс орталығында жұмыс істейтін 5 автоматты бағдарламалық-ақпарат кешенінен еңбек нарығы туралы қажетінше мәлімет ала алады. Олар мынадай дүңгіршектерде орналасқан:

– “Петропавл қалалық жұмыспен қамту орталығы” ММ, Мир к-сі, 69А;

– “Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ, “Казахстанская правда” к-сі, 35;

– “СҚО тұрғындарға қызмет көрсету орталығы” КМК, М.Әуезов к-сі, 157;

– “Құрылыс-экономика колледжі” КМҚК, Мир к-сі, 262;

– “Рахмет” сауда үйі, К.Сүтішев к-сі, 58Б.

Өткен жылы 1200 азамат жұмыссыз есебінде тұрса, жыл басындағы көрсеткіш одан үш есе кем. Алдағы уақытта бос жұмыс орны жәрмеңкесін ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз, дейді Мереке Мұхамедияров.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp