«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛЕНИНГРАД ҚҰРСАУ БҰЗЫЛҒАН КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

28 қаңтар ленинградтықтар, қазіргі Санкт-Петербург қаласының тұрғындары үшін ерекше күн саналады. Осыдан 69 жыл бұрын 900 күн мен түн құрсауда болса да, жауға берілмеген қаһарман қаланы Кеңес Одағының жауынгерлері неміс фашистерінің қоршауынан азат етті. Батыр қаланы қорғауға және оны азат етуге үлес қосқан әскери құрамалардың қатарында Петропавлда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы да бар еді. Содан бері қыстың осы бір қытымыр аязды күні ленинградтықтар мен ардагерлер үшін жау құрсауын бұзған күн ретінде аталып келеді.

Кеше осынау атаулы күнге орай облыс орталығындағы Кутузов орденді Кингисепп 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков, соғыс және еңбек ардагерлері, білім және мәдениет саласы қызметкерлері, жұртшылық өкілдері қатысты.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp