«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕП ӘНҰРАНЫНЫҢ АВТОРЫ оқу орнының оқушыларымен кездесті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында облыс орталығының он тоғызыншы шағынауданындағы қазақ мектеп-гимназиясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановпен кездесу өткізілді.

Мектеп ұжымының ақынды кездесуге шақыруының бір сыры – З.Әкімжановтің осы мектептің әнұранын жазуы. Әнін аталған оқу орнының ұстазы Теңдік Құлмағамбетова шығарған бұл әнұран әр аптаның сәрсенбі күндері үзбей орындалып келеді.

 

Әнұранды кездесу үстінде зал толы оқушылар мен ұстаздар автордың қатысуымен тағы да шырқады.

Ақынмен басқосуда ол алдымен өлең өміріне жол тартуы, балалық шағында жазылған балаң жырлары жайлы әңгіме шертті.

Мектеп ұстазы Аманжол Зағыпар жүргізіп отырған сыр-сұхбат үстінде ақын халқымыздың ұлы перзенттері Мағжан, Сәбит, Ғабит өмірі мен шығармалары жайында да ойтолғамдарын ортаға салды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауы ақынмен кездесудің өзегіне айналды. Әңгіме үстінде мектеп мейманы Президент Жолдауының Қазақстанның болашақтағы даму жолдарын негіздеген маңызы зор бағдарлама екенін, бұл Стратегияда елімізді өркендетуде жастарға үлкен сенім артылып отырғанын оқушылардың зердесіне құйды.

Ол өзінің бірнеше жаңа өлеңдерін тарту етті және осы мектептің балауса ақындарының жырларын тыңдап, бағасын берді. Атап айтқанда, Ермек Саян “Елбасымыз – кемеңгер”, Мәдина Нұрғазина “Тілім менің” деген өлеңдерін оқыды.

Мектептің әнші-домбырашыларына дәріс беретін облысымызға танымал термеші Амангелді Рамазанов “Әуелеп ұшқан алты қаз” термесін орындады. Ал оның шәкірті Альбина Ережепова күй тартты.

Кездесу барысында оқу орнының басшысы Гүлжан Жақанова сөз алып, мектептің ұстаздары мен шәкірттері атынан ойлы дәріс өткізгені үшін ақынға алғыс арнады.

Ақын мектеп мұржайында болып, жәдігерлермен танысты. Оның жұмысы, шәкірттерге үлкен танымдық, тәрбиелік мән-маңызы тілге тиек етілді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp