Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында болып, “Дон Кихот” балетін тамашалады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Балетті қоюшы – балетмейстер, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Башқұртстан Республикасының халық артисі Ш.Тереғұлов. Басты рөлдерді еліміздің бишілері М.Басбаева, Т.Гатауов, А.Оспанбаева, Б.Жанбурчинова, А.Рүстемова және басқалар орындады.
Қойылым аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы балет труппасымен және театр ұжымымен әңгіме өткізді.