«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ БЕРГЕН МОЛ МҮМКІНДІК Оны қапы жібермегендер аз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тотыкамал ҚҰЛЖАНОВА,

облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасының бастығы.

Елбасы тапсырмасына сәйкес жасалып, жүзеге асырылып жатқан “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы – өңірлерде іскер белсенділікті ынталандырудың нақты жолдары көрсетілген құжат. Ол жаңа нарықтарды игеруге, инновацияларды енгізуге және тұрақты жұмыс орындарын құруға дайын кәсіпкерлермен қатар шикізаттық емес жобаларды қаржыландыратын банктер мен инвесторлар үшін де келешегі мол мүмкіндіктер ашады.

 

Бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз – жаңа жобаларды іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген көмекті көздейтін шаралар кешені, сондай-ақ экономиканың басым секторларында өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған әрекет етуші жобаларды қолдау болып табылады.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы әрекет еткен мерзімде республикалық бюджеттен Солтүстік Қазақстан облысына 2,8 млрд. теңге бөлінді. 2010-2012 жылдары кәсіпкерлердің қолдау көрсетуді сұраған 1,0 мыңнан астам өтінімі қаралды және құпталды. Соның ішінде:

– екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында бизнес-жобаларын іске асыруға берген 15,2 млрд. теңге сомадағы кредиттері бойынша сыйақы ставкасын бюджеттен 7% мөлшерде субсидиялауға 146 өтінім;

– екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерге берген 0,6 млрд. теңге сомадағы кредиттері бойынша бюджет тарапынан 50,0% мөлшерде кепілдендіруге 11 өтінім;

– кәсіпорындар үшін жолды қайта құрылымдау, сыртқы электр тарату желісі және су ағызу құрылысы түріндегі өндірістік инфрақұрылымның 29 объектісін дамытуға 82 өтінім;

– маркетингтік зерттеулер және сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі консультациялар; бухгалтерлік және заң қызметтері; ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету түрлерінде бизнес жүргізу жөніндегі 1462 сервистік қызметті ұсынуға 570 өтінім;

– ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге инновациялылығы, жаңалығы және бiрегейлiгiмен ерекшеленетін жобаларын іске асыруға тегін және қайтарымсыз негізде берілетін сомасы 14,8 млн. теңгенің гранттарына 6 өтінім;

– “Назарбаев Университет” АҚ-да топ-менеджментті оқытуға 55 өтінім. Бір мезгілде 4 кәсіпкер, оның 2-еуі – әйел, бір ай бойы Германия мен АҚШ-та шетелдік машықтанудан тегін өтті.

Автомобильмен жүк және жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерден өтінім көп түсті (шамамен жалпы саннан 40,0%) және тағам өнімдерін (сүт, ет, ұн, нан-тоқаш және кондитер өнімдері, жұмыртқа) өндірушілерден түскен өтінімдердің 40,0%-ы құпталды; қалған өтінімдер (шамамен 20,0%) басқа да өнеркәсіп өнімдерін өндіруді және халыққа қызмет көрсетуді қолдауға бағытталған. Субсидиялауға кәсіпкерлік субъектілерінің банктерден 1,0 млн. теңгеден 3,0 млрд. теңгеге дейінгі мөлшерде алған кредиттері ұсынылды.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде “Сүт одағы” ЖШС-іне (Петропавл қ.) сүт өнімдері өндірісін жаңғыртуға, ЖК С.Г. Григорянға (Петропавл қ.) қойылтылған сүтті өндіруге, “МАДА” Трейд” ЖШС-іне (Ғ. Мүсірепов ат. аудан) шағын элеватор құрылысына, “Фирма Диқаншы” ЖШС-іне (Петропавл қ.) ұн өндіру жөніндегі өндірістік кешен құрылысына, “Богатырский продукт” ЖШС-іне (Петропавл қ.) макарон өнімдері және жартылай фабрикаттар өндірісіне, “Атай СК” ЖШС-іне (Қызылжар ауданы) құс шаруашылығы кешенін кеңейтуге, “Загот Интер” ЖШС-іне (Қызылжар ауданы) мал қабылдау, сою және мал етін мүшелеу жөніндегі цехты құруға, “Қаракөз” ШҚ-ға (Айыртау ауданы) мал шаруашылығы кешенін дамытуға, “Изолит” ЖШС-іне (Петропавл қ.) электроқшаулау материалдарын өндіруге, “Радуга” ЖШС-іне (Петропавл қ.) қайталама полимерлерді өңдеуге, “ПромСтройМебель” ЖШС-іне (Мамлют ауданы) жиһаз өндірісіне, ЖК С.И. Бекқожинге (Қызылжар ауданы) халықаралық тасымал жөнінде қызмет көрсетуге және басқа да кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ әйелдер басқаратын келесі кәсіпорындарға да қолдау көрсетілді: “Сүт өнімдері” ЖШС-іне (Петропавл қ.) сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру жөніндегі цехты жаңғыртуға және салуға, “ViZaVi Company” ЖШС-іне (Петропавл қ.) кондитер өнімдері өндірісіне, “УниверсалТрансСервис” ЖШС-іне (Петропавл қ.) сүректен жасалған өнімдер өндірісіне, “Қайранас” ШҚ (Петропавл қ.) балаларға арналған шағын орталықты ашуға, “Полиграфия” АҚ-ға (Петропавл қ.) жаңа жабдықтар сатып алуға.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорындарда 4 мыңнан астам жұмыс орны сақталды және қосымша 900-ден астамы құрылды.

Бағдарламаны әрі қарай іске асыру Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде банк кредитін субсидиялау және кепiлдендіру, өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту, сервистiк қызмет көрсету, гранттар ұсыну, оқыту түрлеріндегі мемлекеттік қолдау алу мәселелері бойынша Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 58-үй, 524-каб. мекенжайы және 8 (7152) 33-65-64, 50-22-85 телефондары бойынша Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp