«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУДЕ БОЛҒАН АЛАЯҚ қолға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бірқатар алаяқтық әрекеттерін жасаған қала тұрғыны құрықталды.

Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны былтырғы жылдың қыркүйегінен бері іздеуде болған. Өткен уақыт бойы ол мекенжайын жиі ауыстырып, алаяқтық әрекеттерін ойдағыдай жүзеге асырып келген. Бір бөлмесін осы жігітке жалға берген 65 жасар зейнеткер де алданып қалған.

Алаяқ қарияның сеніміне кіріп, оның 195 мың теңгесін иемденген. Ал күдіктінің ең ірі мөлшерде “ұтқан” қаржысы – жарты миллион теңгені құрап отыр. Алаяқ арызданушыны көлік айдап әкеліп беремін деп, алдап түсірген. Бірақ содан бері сегіз ай өткен, ер адам шыдамы таусылған соң полицияға шағымданыпты.

Күдікті жалдап тұрып жатқан пәтерінде ұсталды. Енді алаяқтың қанша адамды алдағанын тергеушілер анықтайтын болады.

Жыл басынан бері полицейлер іздеуде болған 13 адамды құрықтады.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp