Петропавл қаласы 2012 жылғы 21 желтоқсан №10/2
(Бесінші шақырылымның X сессиясы)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Х сессиясының төрағасы
С. АХМЕТБЕКОВ.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ. ЕДІРЕСОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт 2013 жылы 22 қаңтарда СҚО әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2100.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
2013 жылға арналған төлемақы ставкалары
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2012 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2 шешіміне қосымша
1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.
-
Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды: