«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕТІ ИГІЛІК” ЖОБАСЫНА 10 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“КаР-Тел” ЖШС-і “Жеті игілік” республикалық әлеуметтік жобасының қорытындысын жариялады.

Ол компанияның Қазақстандағы қызметінің 7 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Жоба шеңберінде еліміздің барлық аймақтарында “Beeline” сауда белгісімен жұмыс істейтін байланыс операторы қызметкерлері мен қоғам өкілдерін қамтыған әлеуметтік бағыттағы 7 шара жүзеге асырылды. Олар – “Ағаш ек!” SMS жобасы шеңберінде көшеттер отырғызу, Жеңіс күні қарсаңындағы “Полктес досыңа қоңырау шал” науқаны, “Донор, сенің күнің – 2012!” қайырымдылық шарасы, Балалар үйлеріндегі “Көңілді жарыстар” спартакиадалары, экологиялық көлік түрлерін насихаттау мақсатындағы веложарыс, марафондар, сенбіліктер, Google translate + Kazakh іс-шарасы.

 

“КаР-Тел” ЖШС-нің атқарушы директоры Сергей Миронов: “Beeline” қызметі қоғам өмірімен тығыз байланысты. 8 миллионнан астам қазақстандық – біздің байланыс қызметінің қолданушысы. Қазақстанда жұмысымызды бастаған күннен бері біз еліміздің өзекті мәселелерін шешуге атсалысудамыз. “Жеті игілік” бастамасына барлық ниет білдірушілердің жалпы саны 10 000 адамнан асады. Олардың арасында жобаға қуана атсалысқан мыңнан астам “Beeline” қызметкерлері бар”, – деп өз пікірін білдірді.

Көптеген іс-шаралар “Бауыржан” қайырымдылық қоры, “Posa-diderevo.kz” қоғамдық бірлестігі және “Wikibilim” қоғамдық бірлестіктерімен серіктесе отырып жүзеге асырылды.

Қазақ тіліндегі Google Tran-slate-ті іске қосу үшін жүйеге ақпараттың өте үлкен көлемін енгізу қажет және жобаның сәтті жүзеге асырылуы көп жағдайда қоғамның қызығушылығына тікелей байланысты. “Үйдегі Интернет” және мобильді Интернет пайдаланушыларға сервиске қосылуға тегін қызметті ұсынған “Beeline”-нің арқасында бүгінде әрбір қазақстандық қазақ тілін әлемдік аударма сервисіне қосу ісіне атсалыса алады”, – дейді “Wikibilim” қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.

Ал “Бауыржан” қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, “Донор, сенің күнің – 2012!” науқанының аясында жоспарлағаннан 3 еседен артық қан жиналды. Бізді мыңдаған қазақстандықтар қолдап, акция күні олар ерікті донорлар болды. Барлық жиналған қан ҚР Педиатрия институтының онкогематологиялық бөлімінде емделетін балаларды емдеуге пайдаланылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp