«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызының концерті өтті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әнші Меруеш Башайқызы Моңғолияның Улан-Батор қаласында университет бітірген, қазіргі таңда Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінде “Арай” ансамблінің әншісі болып қызмет етіп келеді. Моңғолия елінде туып-өскен әнші – Елбасының қолдауымен 2008 жылы атамекеніне көшіп келген қандастарымыздың бірі. Әртүрлі халықаралық әрі республикалық байқаулардың жеңімпазы ол солтүстікқазақстандық әнсүйер қауымға қазақ және орыс халық әндерін, сондай-ақ Біржан салдың “Көкек”, Нұрғиса Тілендиевтің “Әдемі-ау”, “Құстар әні”, А.Зацепиннің “Ана”, Кеңес Дүйсекеевтің “Сарыарқа”, Қанат Құдайбергеновтың “Халқыма” әндерін орындады.

Шығармашылық кеш “Есіл” халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Бұл жолы оркестрдің дирижері Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Ерлан Бақтыгерей болды. Төлеген Мұхамеджановтың “Астана” әнімен басталған концерт Әкім Ысқақтың “Көк тудың желбірегені” әнімен аяқталды.

 

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp