Өнеркәсіп. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 122,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді немесе 2011 жылғы сәйкес мерімге 102,3%-ды құрады.
Өндірістің тау-кен өнеркәсібінде өндіріс 1,9 есе өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 2,1%, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа конденсаттауда – 0,5%, сумен қамтамасыздандыру, кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда – 2,8%.
Өңделген сүт және кілегей өндірісі 26,8%-ға өсті, жарма 23,3%-ға, ет және тағамдық ет өнімдері 21,8%-ға, ұн 9,3%-ға, макарон 3%-ға, минералды су және алкогольсіз сусындар 1,9 есе, мамандандырылған автомобильдер – 3 есе, индикаторлық панельдер – 2 есеге жуық, мұнай кәсібінің жабдықтары – 26,8%-ға, жылу куатын өндіру және бөлу – 0,9%-ға, газ 12,4%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығы. ҚР Статистика агенттігінің алдын ала бағалуы бойынша облыста 238,6 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі (қызметі) өндірілді.
Облыста республиканың дәнді, бұршақ дәнді дақылдары көлемінің үштен артығы (34,1%) өндірілді. 4 838,7 мың тонна дәнді, бұршақ дәнді дақыл жиналды, олардан 3 505,8 мың тонна бидай, 476,5 мың тонна картоп, 170 мың тонна көкөніс. Жиналған аумақтың бір гектарынан орташа 11,7 центнер дәнді, бұршақ дәнді дақылдар (тазалағаннан кейінгі салмақта), 178 центнер картоп, 353 центнер ашық топырақтағы көкөністер.
Өткен жылға қарағанда сиыр саны – 15,3%-ға, қой – 2,7%-ға, құс 3,6%-ға артты. Жыл басына 94,4 мың тонна мал және құс еті, 436,1 мың тонна сүт, 430,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Бір сиырдан сауылған сүт 28 кг., жұмыртқалағыш бір тауық жұмыртқасы 20 данаға өсті.
Құрылыс. Құрылыстағы жұмыстың жандана түскені байқалды. 2012 жылы құрылысшылар 28,1 млрд. теңгенің жұмысын (қызметін) орындаса, ол 2011 жылға 121,1% болды.
2012 жылы асылтұқымды репродуктор, кварцтық құм байыту фабрикасы, сүт құю машинасы, екі жылуэнергетикалық қондырғы, полиэтилендік құбыр өндірудің экструзиондық желісі, сүт зауыты, мал шаруашылығы кешені, 2 мектеп, 2 балабақша, Мәдениет сарайы, шіркеу және тағы басқа пайдалануға берілді.
Жалпы аумағы 100603 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанға 101,6%-ды құрады. Жұртшылық қаражаты есебінен 51202 шаршы метр пайдалануға берілді (жалпы көлемнің 50,9%-ы), бюджеттік қаражат есебінен – 39297 (39,1%), кәсіпорындардың өзіндік қаражаты 10104 шаршы метр (10%).
Сауда. Бөлшек сауда көлемінің өсім қарқыны есепті жылы 116,6%-ды құрады. Бөлшек сауда жүйесі арқылы 97,8 млрд. теңгенің тауары өткізілді.
Азық-түлік емес тауарларды өткізу 26,5%, азық-түлік емес тауарлар өткізу 0,8%-ға өсті. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарларды өткізу 66,8%-ды алса, азық-түлік өткізу 33,2%-ды құрады.
Азық-түлік емес тауарлар айналымында 9,4%-ды жанармай өткізу, 4,1% – дизель отыны (газойл), сұйытылған пропан және бутан және 1%-ды автомобильдер мен жеңіл автокөлік жабдықтары алады.
Сауда жасау кәсіпорындары 44,1 млрд. теңгенің тауарларын өткізді (2011 жылмен салыстырғанда 11,3% өсті), базарларда және жеке кәсіпкерлерде 53,7 млрд. теңгенің тауары сатылды (өсім 21,5%).
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 96,7 млрд. теңгені құрап, өсім қарқыны 2011 жылғы 129,3%-бен салыстырғанда 134,6%-ды құрады.
Бюджеттік қаражат есебінен инвестиция үлесі (23,4%-дан 27,5%-ға дейін), қарыздық қаражат (12,3%-дан 12,8%-ға) үлесі өсті. Шетелдік инвестиция көлемі 551 мың теңгеден 179 млн. теңгеге дейін өсті.
Өткен жылғыдай инвестицияның барынша ағымы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, көлік пен байланысқа жолданды. Сонда ауыл шаруашылығына инвестицияның 41%-ы (2011 жылы 35,8%), өнеркәсіпке – 32,5% (14,4%), көлік және қоймалауға 9,9% (5%) жолданды.
2010-2014 жылдарға Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шегінде өткен жылы жеті жоба жүзеге асырылды: 440 мал басқа арналған асылтұқымды репродуктор, кварцталған құмды байыту бойынша фабрика, сүт құятын асептикалық машина, полиэтилендік құбыр өндірісінің экструзиондық желісі, сүт зауыты, ұңғымалы штангалық сорғылар өндірісі бойынша технологиялық желі, 2 жел қуаты құрылғысының жобалары жүзеге асырылды.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2012 жылы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері (38007 бірліктен 22607) 251,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті. Өсім қарқыны 92,6%-ды құрады.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес аясында 99 мыңнан астам адам қамтылды (2012 жылдың басындағымен салыстырғанда 0,6% артық). Шағын және орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларында қамтылғандар санының артқаны байқалады (27%-ға).