«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.01.2013

ҚАРТТАР ҮЙІ БОЛМАСА ҚАЙТЕР ЕДІК…

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, журналист. Қазақ – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық, сондықтан да ешқашан жетімін жылатып, жесірін қаңғытпаған еді. Қарттар үйі, жетімдер интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін жат болатын. Өкінішке қарай, бүгінде әлеуметтік үйлердің қатары азаюдың орнына артып келеді. Бұл жақсылықтың нышаны емес, әрине, алайда Қарттар үйі болмаса қамқорсыз қалған қариялар мен жүріп-тұрудың өзі …

ҚАРТТАР ҮЙІ БОЛМАСА ҚАЙТЕР ЕДІК… Read More »

ЖЕТІ АТА YСТАНЫМЫН ЕСКЕРЕСІЗ БЕ?

“Адамзаттың геномы”. Бұл – өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазақ ұлтына берген атағы. Ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде әлем қазақ ұлтының генетикалық жағынан таза халық екенін мойындаған. Бұл жеті атаға дейін үйленбеу заңының жемісі болса керек. Дала заңымен өмір сүрген қазақ халқы осылайша қанның тазалығын, ұрпақтың тектілігін сақтап келген. Желдің бағыты …

ЖЕТІ АТА YСТАНЫМЫН ЕСКЕРЕСІЗ БЕ? Read More »

ЖАПОНИЯ мен ГЕРМАНИЯДА тағылымдамадан өтудің сәті түсті

Бүгінгі таңда елімізде ұстаздар мәртебесін көтеру мәселесі өткір қойылып отыр. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де елімізге ортақ бұл міндетті шешудің түрлі жолдары қарастырылуда. Өткен 2012 жылдың ішінде университеттің 161 оқытушысы біліктілік дәрежелерін көтерген болатын. Соның 155-і шеберліктерін отандық білім беру жүйелерінде шыңдаса, 6 оқытушы шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Жанар ОМАРОВА, журналист.   Таяуда ғана …

ЖАПОНИЯ мен ГЕРМАНИЯДА тағылымдамадан өтудің сәті түсті Read More »

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Күлпаш ҚАЛҒОЖИНА, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бастығы.   Білім басқармасы таяуда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Осының негізінде оқушылардың облыстық олимпиадасының қорытындысына талдау жасауға болады. Олимпиадаға қатысушылардың психологиялық-физиологиялық қобалжуы жауапты жарыстар алдындағы спортшылардан кем емес. Зияткерлік турнирлердің спорттан айырмашылығы – онда кездейсоқтық пен …

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ Read More »

ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНДАРДЫҢ ойлағандары іске аспады

Петропавлда колледж оқушылары 18 жастағы баланы тонап, істі болып отыр. Жәбірленуші қаңтардың 24-і күні кешкі уақытта үйіне келе жатқан. “Плазма” мәдени-ойын-сауық кешенінен алыс емес жерде оған жас жігіттер тиіскен. Алдымен “Қайда оқисың, қайда барасың, телефоның қандай?” деп сұрап, кейін артынан еріп отырған. “Океан” дүкенінің маңындағы үй ауласында оған шап беріп, сабап, ұялы телефонын тартып алған. …

ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНДАРДЫҢ ойлағандары іске аспады Read More »

ҚАНШАМА ӨРТ ШЫҚТЫ ҚАҢТАРДА…

Жыл басынан бері облыс көлемінде залалы 24 млн. теңгеден асып түскен 42 өрт оқиғасы тіркелді. Отта 13 адам көз жұмса, оның екеуі – балалар. Сондай-ақ 2 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада Айыртау ауданының Новосветловка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен жергілікті “Новосветловское-Алиби” ЖШС-нің жұмысшылары отты ауыздықтау барысында 53 …

ҚАНШАМА ӨРТ ШЫҚТЫ ҚАҢТАРДА… Read More »

БЫЛТЫР 358 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

Данияр ХАРИПОВ, ЕС-164/1 мекемесі бастығының орынбасары. Қазіргі кезеңде “ЕС-164/1 мекемесі” РММ жедел жағдайы қанағаттандырарлық, адам құрамы бақылаулы. Апта сайын облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен іскерлік кездесулер өткізіледі, онда өзара іс-әрекетте қиындық тудыратын мәселелер талқыланады. Сондай-ақ жедел жағдайға жағымсыз ықпал ететін тұлғаларды анықтау үшін ұдайы өзара ақпарат алмасылып тұрады. 2012 жылы жедел бөлім ойластырылып жүрген 51 …

БЫЛТЫР 358 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ Read More »

КЕЙБІР ШЕТЕЛДІКТЕР қуылса да, кетер емес

Жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз болған 66 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бәрі – ТМД мемлекеттерінің азаматтары. Төрт шетелдік сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды. СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері осындай заңсыз әрекеттерге қарсы күресті күшейткелі отыр. Күн сайын тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзатындар жиі жиналатын жерде рейдтер өткізуде. Вокзалдар, базарлар мен құрылыс …

КЕЙБІР ШЕТЕЛДІКТЕР қуылса да, кетер емес Read More »

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ — қысқы спорт ойындары

Бағлан ҚОЖАҚОВ, журналист. Өткен аптада Антоновка ауылында Айыртау аудандық “Солтүстік – 2013” қысқы спорт ойындары болып өтті. Күн ұзаққа созылған сайыста спортшылар пневматикалық қарумен нысана көздеу, шаңғы жарысы, шорттрек, шайбалы хоккей, қысқы президенттік көпсайыс түрлері бойынша жарысқа түсті. Оған барлық ауылдық округтерден ерлер және қыздар командалары қатысты.

“ЖАСҰЛАН – 2013” байқауына шалақындық шәкірттер белсене қатысты

Жуырда Шал ақын ауданында “Жас ұлан – 2013” сапқа тұру және саптағы әндер байқауының аймақтық кезеңі өтті. Сәуле ТӨЛЕШОВА, Шал ақын аудандық оқу бөлімінің әдістемешісі. Ол ауданның төрт мектебінде, атап айтқанда, Кривощеково, М.Ахметбеков атындағы, Жаңажол орта мектептерінде және Е.Букетов атындағы мектеп-гимназияда өтті. Оған барлығы 200-ден аса оқушыдан құралған 18 команда қатысты. Әскери өнер байқауына аудандық …

“ЖАСҰЛАН – 2013” байқауына шалақындық шәкірттер белсене қатысты Read More »

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ жөнінде сайыстар өтті

Айгүл БАЗАРОВА, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары. Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен облыстың білім беру мекемелерінде “Адам және құқық” тақырыбы бойынша 9-11-сынып оқушылары арасында дебаттық турнирлер, пікірталастар, “дөңгелек үстелдер” өткізілді.

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Қаламқас ТАСМАҒАМБЕТОВА, Аққайың аудандық орталық ауруханасының дәрігері.   Денсаулық сақтау саласын дамыту – әрқашан Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында белгіленген басым міндеттердің бірі. Бүгін нақты нәтижелер жайында айтуға болады. Солардың бірін Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында жариялаған Жолдауында атап өтті. Ол – жүрекқан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткішінің республика бойынша төмендеуі.

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тыңдап, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа басымдықтарымен таныстық. Биылғы жылы аталмыш бағдарламалық құжат әдеттегідей Парламент палаталарының бірлескен отырысында емес, Астана қаласындағы жаңадан салынған опера театрында жарияланды. Айгүл ТӘШЕТОВА, журналист. Елбасы кезекті Жолдауында “Қазақстан – 2030” бағдарламалық құжатының бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалғанын атап …

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ Read More »

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАТЫНЫМЫЗ – ақиқатқа айналатын арман

Бүгінгі біздің ұрпақ үшін Тәуелсіздіктің арманнан ақиқатқа айналғанын көзімізбен көріп отырғанымыз – бақыт. Осы бақытты күніміздің шарықтау шыңы – 1991 жылғы 16 желтоқсан. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сол күні “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Жарлыққа қолын қойып, қазақ жұртының сан ғасырлық арманын баянды етті. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,  “Солтүстік Қазақстан”. Сол сәттен бері бар болғаны жиырма бір …

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАТЫНЫМЫЗ – ақиқатқа айналатын арман Read More »

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР

Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауымен жан-жақты танысып, оның шын мәнінде, біздің ел үшін жаңа бағдар белгілеген орасан зор тарихи құжат екендігіне көз жеткіздім. Соған орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесі атқару комитетінің отырысын өткізіп, тарихи …

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ сыннан сүрінбей өтті

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қоғамдық аса маңызды шара болды. Жоғары, Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссиясы отырыстарында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының 835 офицері, прапорщиктері және қатардағылары сынаудан өтті. Олардың 687-сі атқаратын лауазымына сәйкес деп танылды. 47 қызметкер атқаратын лауазымына сай және кадрлық резервке алуға немесе жоғары лауазымға ұсынылатын болды, 18-і …

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ сыннан сүрінбей өтті Read More »

БІР ЖЫЛДЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?

Бұрнағы күні Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл кездесуге республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Осыдан бір жыл бұрын Болат Жұмабеков облыс орталығының басшысы болып тағайындалған болатын. Журналистермен кездесуді қала әкімі осы кезең ішінде атқарылған істерді баяндаудан бастады.

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК тұтынушыларын табуға тиіс

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен әкімдіктің отырысы өтіп, онда өңіріміздің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы талқыланды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш отырыс алдында жиналғандар 29 қаңтарда Алматы қаласы әуежайына 5 км. қалғанда “Көкшетау – Алматы” бағыты бойынша №760 әуе рейсін жасаған “Chellenger-200” ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандарды бір минут …

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК тұтынушыларын табуға тиіс Read More »