«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тыңдап, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа басымдықтарымен таныстық. Биылғы жылы аталмыш бағдарламалық құжат әдеттегідей Парламент палаталарының бірлескен отырысында емес, Астана қаласындағы жаңадан салынған опера театрында жарияланды.

Айгүл ТӘШЕТОВА,

журналист.

Елбасы кезекті Жолдауында “Қазақстан – 2030” бағдарламалық құжатының бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалғанын атап өтті. Шындығында да, Қазақстан қысқа мерзімнің ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізді. Ал Қазақстанның Астанада Халықаралық мамандандырылған “ЕХРО – 2017” көрмесін өткізу құқығына қол жеткізуін еліміздің зор табысы деп білемін.

 

Елбасының айтуынша, Жолдауда сөз болып отырған 2050 жыл – әлемдік қоғамдастық негізге алған мерзім. Ендігі кезекте алға қойылған ең басты мақсат – әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру.

Жастар үшін, әсіресе, олардың мәселесі жайлы жаңалықтарды тыңдау маңызды болды. Жастарға үздік білім, лайықты қызмет және зор болашақ сияқты жаңа мүмкіндіктер беруді мақсат тұтқан жаңа саяси бағытты біз, яғни кейінгі толқын, үлкен қуанышпен қарсы алдық. Шынымен, “Қазақстандықтар әлемдегі жоғары білімі бар ұлтқа айналуы керек, әйтпесе алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алмаймыз”, деген Елбасының сөзі жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Біз, жастар қауымы, Президент бастаған жаңа саяси бағытты толығымен қолдаймыз. Елбасымыздың барлық идеялары табысты жүзеге асатынына сенімдімін. Барлық жастарды алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға барынша атсалысуға шақырамын. Олай болса, жаңа белестерге сәт сапар!

Тайынша қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp