«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ,

облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауымен жан-жақты танысып, оның шын мәнінде, біздің ел үшін жаңа бағдар белгілеген орасан зор тарихи құжат екендігіне көз жеткіздім. Соған орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесі атқару комитетінің отырысын өткізіп, тарихи құжаттан алған әсерлерімізбен бөлістік, оны жүзеге асырудың жолдарын белгіледік, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында талқылау үшін оқу орындарындағы қоғамтанушыларды, тәжірибелі әдіскерлерді тарту жөнінде ұсыныс жасадық.

 

2050 жылға қарай біз күшті мемлекет, дамыған экономика және Жалпыға Ортақ Еңбек мүмкіндігі негізінде үстемдік ететін қоғам құруға тиіспіз делінген Жолдауда. Біздің жаңа саяси бағыт-бағдар жаңа мүмкіндіктер – жақсы білім, лайықты еңбек пен жарқын болашақ беруді мақсат ететіндігі күшті мемлекеттің, әсіресе, жедел экономикалық өсім жағдайын қамтамасыз ету үшін маңыздылығын, сондықтан қуатты мемлекет тек аман қалу саясатымен емес, жоспарлау, ұзақмерзімді даму және экономикалық өсу саясатымен айналысатындығын Президент осынау маңызды құжатта атап көрсетті. Біздің көпэтносты және көпконфессиялы қоғамымыздың жетістігі негізін жаңа қазақстандық патриотизм қамтамасыз етеді. Түптеп келгенде, бұл – болашақ ұрпақ үшін бағыт-бағдар. Осы тұрғыдан келгенде, Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен көрегендігі, стратегиялық ойлай білетіндігі тағы да байқалады.

Бұл іске асырылатын жаңа бағдарлама қазақстандықтардың өздерінің және балаларының болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік беретіндігі қазірдің өзінде айқын. Президент жаңа мыңжылдықтың басында әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндетін қойса, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену жайлы одан да қомақты жауапкершілік жүктеп отыр.

Еліміздің болашағы мен Қазақстанның орнын айқындайтын стратегиялардың бірі – білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесі, кадр даярлау мен қайта даярлау. Ұлт Көшбасшысының: “Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек”, – дегені ұлттық идея бола алады, соған орай әрбір қазақстандық сол идеяны жүзеге асыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасауы қажет. Әлемдік тәжірибеден байқайтынымыз – жаһандық экономикада елдің гүлденуі қазба байлықтарына, өндірістік қуаттың көлеміне емес, адам ресурстарына байланысты. ХХІ ғасырда елдің жетістігі, бірінші кезекте, ұлттың рухани зияткерлік көшбасшылығымен айқындалады.

Әрине, Қазақстанның рухани зияткерлік көшбасшылығына ондаған жылдардан кейін қол жеткізілуі мүмкін, алайда біз оның негізін қазірден бастап қалай беруіміз керек. Өйткені білім, ғылым және оған негізделген инновациялық технологиялар барлық экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жол, кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына іргетас болып отырғандығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Барлық дамыған елдерде рухани зияткерлік еңбек, білім және ақпарат аса мол пайда келтіретіндіктен, ол бәрінен жоғары бағаланады.

Осы тұрғыда Мемлекет басшысының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауы – біздің еліміздің дамуының, гүлденуінің және көшбасшылыққа жетуінің қуатты стимулы. Біз соған қол жеткізетіндігімізге сенімдімін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp