Данияр ХАРИПОВ,
ЕС-164/1 мекемесі бастығының орынбасары.
Қазіргі кезеңде “ЕС-164/1 мекемесі” РММ жедел жағдайы қанағаттандырарлық, адам құрамы бақылаулы.
Апта сайын облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен іскерлік кездесулер өткізіледі, онда өзара іс-әрекетте қиындық тудыратын мәселелер талқыланады. Сондай-ақ жедел жағдайға жағымсыз ықпал ететін тұлғаларды анықтау үшін ұдайы өзара ақпарат алмасылып тұрады.
2012 жылы жедел бөлім ойластырылып жүрген 51 қылмыстың алдын алды. Былтыр 148 кінәсін мойындап келу хаттамалары қабылданды және жолданды, осыған орай 85 қылмыс ашылды. Мекенжайларға 618 хабарлама жолданды, осылар бойынша бұдан бұрын жасалған 185 қылмыс ашылды. Өткен кезеңде ТИ-18 жедел бөлімінің арқасында барлығы 358 қылмыстың беті ашылды.