«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаламқас ТАСМАҒАМБЕТОВА,

Аққайың аудандық орталық

ауруханасының дәрігері.

 

Денсаулық сақтау саласын дамыту – әрқашан Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында белгіленген басым міндеттердің бірі. Бүгін нақты нәтижелер жайында айтуға болады. Солардың бірін Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында жариялаған Жолдауында атап өтті. Ол – жүрекқан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткішінің республика бойынша төмендеуі.

 

2010 жылы Президент Қазақстанның әрбір өңірінде жиырма орынға арналған кардиохирургиялық бөлімдер ашып, заманауи бейінді орталықтар салуды тапсырған болатын. Бүгіндері жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастарға операция жасату үшін астаналық клиникаларға барудың қажеті жоқ. Барлық қажетті кардиохирургиялық шаралар жергілікті жерлерде де ойдағыдай жүргізілуде.

Бала туу саны артып, адамның өмір сүру жасы ұзарды. “Саламатты Қазақстан” бағдарламасының арқасында біршама жағымды жаңалықтардың куәсі болдық.

Ауылдық жердегі тұрғындардың денсаулығы үнемі қадағалануда. Елбасы биылғы Жолдауында: “Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2011 жылы 631 млрд. теңгені құрады. Соңғы бес жылда бала туудағы ана өлімі 3 есеге төмендеп, бала туу 1,5 пайызға артты”, – деді. Бұл көрсеткіш денсаулық сақтау саласын барынша жақсартуды көздеген 2030 Стратегиясындағы басымдықтардың бірі болатын.

Біз қарапайым халықтың денсаулығын сақтау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Ерекше атап өтерлігі – ақ желеңді абзал жандарға барлық жағдай жасалуда. Қатарымыз жас әрі жігерлі мамандармен толықтырылып келеді. Біз мұны мемлекеттің дәрігерлерге жасап жатқан игілігі деп білеміз. Биылғы Жолдаудағы өзге де бағыттар баршамыз үшін маңызды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp