«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАСҰЛАН – 2013” байқауына шалақындық шәкірттер белсене қатысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Шал ақын ауданында “Жас ұлан – 2013” сапқа тұру және саптағы әндер байқауының аймақтық кезеңі өтті.

Сәуле ТӨЛЕШОВА,

Шал ақын аудандық оқу бөлімінің әдістемешісі.

Ол ауданның төрт мектебінде, атап айтқанда, Кривощеково, М.Ахметбеков атындағы, Жаңажол орта мектептерінде және Е.Букетов атындағы мектеп-гимназияда өтті. Оған барлығы 200-ден аса оқушыдан құралған 18 команда қатысты. Әскери өнер байқауына аудандық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық “Теңдік әлемі” бірлестігінің, “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің мамандары төрелік етті. Жүлделі орындар үшін командалар қызу тартысқа түсіп, олардың әрбір мүшесі жеңіске деген жігер таныта білді. Әрбір мектеп командасы өз ұжымының намысын лайықты қорғай отырып, өздерінен елін сүйер ұрпақ өсіп келе жатқанын дәлелдеді. Олар сапқа тұруда, сапта жүріп ән айтуда және саптағы әскери сәлемдесуді орындауда өздерінің тамаша машығын танытты.

Командалардың бірегей тәуір өнер көрсетулері себепті байқаудың жеңімпаздары да көп болды. Төрт бірдей команда, атап айтқанда, Кривощеково, Жаңа-жол, Е.Шайкин және М.Ахметбеков атындағы орта мектептер бірінші орынды еншіледі. Екінші орынға Ақанбарақ, Приишим орта мектептері, Е.Букетов атындағы мектепгимназия және Социал негізгі мектебі, ал үшінші орынға Қаратал, Семиполка, Сухорабовка және Сергеевка қазақ орта мектеп-интернаты ие болды.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp