«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЙБІР ШЕТЕЛДІКТЕР қуылса да, кетер емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз болған 66 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бәрі – ТМД мемлекеттерінің азаматтары. Төрт шетелдік сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды.

СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері осындай заңсыз әрекеттерге қарсы күресті күшейткелі отыр. Күн сайын тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзатындар жиі жиналатын жерде рейдтер өткізуде. Вокзалдар, базарлар мен құрылыс нысандары, өзге орындар – көші-қон полицейлерінің жіті бақылауында.

 

Мәселен, аталмыш басқарманың арнайы жеке взвод қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 1987 жылы туған азаматын ұстап, ол сот шешімімен ел аумағынан кету керектін. Алайда, ер адам бұған құлақ аспаған. Қайта жауапқа тартылып, оны 20 тәулікке тұтқынға алу жөнінде сот шешімі шыққан. Бірақ өзбек азаматы мұны да орындамаған. Қазір бұл факт бойынша материал жиналып, қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе көтерілуде.

Көші-қон басқармасының ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері елімізде болу ережесін бұзған 20 адам жауапқа тартылған. Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 2 адам анықталды. ҚР азаматтарын құжаттау және тіркеу ережесін бұзудың 131 фактісі тіркелген. Үш адам ел аумағынан шығу туралы сот шешімін орындамағаны белгілі болып отыр.

Жыл басынан бері полицейлер 7 адамды із-түзсіз жоғалды деп отыр. Олардың 3-еуі анықталғанымен, табылмағандардың саны 60-тан асады. Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында мектеп оқушысы да бар.

ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫҢ КӨБІ –

Лобаново кәсіби лицейінің тәрбиеленушілері

14 жастағы Татьяна Чаустың былтырғы жылдың қыркүйегінен бері қара көрсетпегенін полицияға ата-анасы хабарлапты. Осы аралықта қыз үйіне телефон шалып, аман жүргенін айтып келген. Бірақ, әнеміне келемін дегені аяқсыз қалып, соңғы кезде хабарсыз кеткен. Жедел уәкілдер Татьянаны іздеу сәтінде оның бір қаладан екінші қалаға “көшіп” жүргенін анықтаған. Былтырғы жылдың шілде айында Астанада ұсталып, үйіне жеткізілгенімен, үйінен тағы қашып кетіп отыр.

Жоғалғандардың арасында егде жастағылар да баршылық. Биыл үш зейнеткерге іздеу жарияланып отыр. Солардың бірі – Бескөл ауылының 74 жастағы тұрғыны Антонина Балясова өткен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үйінен кетіп, әлі оралмаған. Полицияға ақыл-есі кем, есін білмейтін немесе маскүнем туысқандарын іздейтін тұрғындардан да арыздар түскен. Хабар-ошарсыз кеткендердің ішінде кәсіптік лицейлердің оқушылары да бар. Мәселен, былтыр білім мекемелерінен қашып кеткен 40-тан астам оқушыға іздеу жарияланған. Көбі – Айыртау ауданының Лобаново ауылындағы кәсіби лицейдің тәрбиеленушілері.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp