«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды.

 

БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫ ҮШІН ОРЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ

Редакцияның баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы” конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Баспа материалдары үшін орын белгілеу Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы редакциямен жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Шарттың және оған тиесілі құжаттардың үлгісі редакцияға жазбаша өтініш беру кезінде көрсетіледі. Баспа материалдарына орын белгілеу туралы редакциямен шартқа қандидаттың (сенім білдірген адамның) қол қоюы кандидаттың (сенім білдірген адамның) сайлау алдындағы үгіт жүргізуге қатысты редакцияның қызметін пайдалануға келісім беруі болып табылады. Шарт жасасу үшін кандидат мынадай ақпарат көрсетілген жазбаша өтініш береді:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні мен уақыты;

– кандидаттың аты-жөні, жазбаша өтініш берген сенім білдірген адамның аты-жөні;

– жазбаша өтініш берген адамның өкілеттігін растайтын құжат: кандидаттың (сенім білдірген адамның) жеке куәлігі, кандидаттың (сенім білдірген адамның) уәкілетті мемлекеттік орган берген куәлігі немесе заңнамаға сәйкес өзге құжаты;

– баспа материалдары орнының қөлемі және оны беру мезгілі, үгіттік баспа материалдарының түрі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;

– кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қолы.

Редакция жазбаша өтініш бергендердің құжаттарына тегін көшірме жасайды.

Баспа материалдарын орналастырудың кезегі жазбаша өтініштердің түсу тәртібі бойынша белгіленеді. Бірнеше кандидаттардан (сенім білдірген адамдардан) өтініш бір мезгілде түскен жағдайда редакция жеребе тартады. Жеребе тастау аяқталғаннан кейін оған қатысушылар және БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребенің қорытындысы (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына беріледі.

ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

Үгіттік баспа материалдары редакцияға дайын күйінде, “Қазақстан Республикасының Сайлау туралы” Заңда, баспа материалдарына орын беру туралы редакциямен щартқа қол қоюға уәкілеттілігі бар адамдар қол қойған басқа да заңнамалық актілерде көзделген көлемде беріледі.

Үгіттік баспа материалдары редакцияға жарық көруге кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда беріледі. Үгіттік баспа материалдарында конституциялық құрылысты қүштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық апауыздықты өршіту, қатыгездік пен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңнамада көрсетілмеген әскери құрамалар құру идеяларын ұстанған жағдайда редакцияның оларды жариялаудан бас тартуға құқығы бар.

БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ және АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

Баспа материалдарына ақы төлеу мөлшері кандидаттарға газеттерден орын берумен айқындалады. Мөлшері мынадай:

– “Солтүстік Қазақстан” газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметрге – 95 теңге;

– “Қызылжар нұры” газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметрге – 80 теңге.

Баспа материалдарын жариялау үшін алдын ала 100 пайыздық ақысы төленуге тиіс. Алдын ала ақы төлеу редакция берген шот негізінде жүзеге асырылады. Ақы төлеу баспа материалдары үшін орын бөлу туралы шартта немесе шотта көрсетілген редакцияның банктік реквизиттеріне сәйкес атқарылады.

К.МҰСЫРМАН,

“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС директоры, бас редакторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp